Егер зақымданған теріден гистологиялық препарат даярлап, гемоток-
силин-эозинмен бояса, эпидермистің кератинді
жасушалардың цитоплазма-
сында қызғылт түсті клетка ішіндегі денешіктер көрінеді. Вирустың қара-
пайым денешіктерін жэне торша ішіндегі денешіктерді көрудің қай-қайсысы
болмасын ауруға диагноз қоюға негіз болады.
Эктиманың вирусын серологиялық жолмен анықтау үшін комплемент
байланыстыру, агглютинация жэне бейтараптау реакциялары қолданылады.
Ауруға биосынама қою үшін жас қозылар немесе мысық пайдаланылады.
Қозының ерініне, ал мысықтың қабырғасына жүнін тақырлап алған соң,
иненің немесе қандауырдың ұшымен тырнап, везикуладан
алынған сұйықтық-
ты тамызады. 2-4 күннің ішінде тері бастапқыда қызарып, қабынады да,
кейіннен бұдырмақтанып қолбырайды. Асқына келіп пустулалар бір-бірімен
қосылады. Бір жұма өткенде тобарсып,
жазыла бастайды, қабыршақтанып
өздігінен түсіп қалады. Астында жаңа эпидермис пайда болады. Жүғымтал
эктиманы шешек пен аусылдан ажырату қажет. Ол үшін жоғарыда айтылған
лабороториялық тексерулердің нэтижесі пайдаланылады.
Емі. Аурудың өзіне тэн емі жоқ. Ауыз уылғанда кілегейлі қабығына күн
сайын глицерин мен йодтың 5% тұнбасын жағады немесе юглонның спирт
денатуратында даярланған 0,5% ерітіндісімен шаяды. Зақымданаған теріге
синтомицин эмульсиясын немесе аталған ерітінделерді жағады.
Ауру некро-
бактериозбен асқынса қозыларға ауызынан 0,02-0,03 г/кг дозада биомицин
береді.
Достарыңызбен бөлісу: