Сабақтың мақсаты Білімділігі



Дата10.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#11175
түріСабақ
Тексерілді:
Күні --- ----------------- 201 ж. Пәні Биология 6 сынып Сабақ №6
Сабақтың тақырыбы Жасуша-өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі.

№ 3 зертханалық жұмыс.

Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі Оқушыларға өсімдік жасушасының құрылысы. Жасуша қабықшасы,цитоплазма,ядро,пластидтер,вакуоль туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық Оқушылардың ынтасын,қығушылығын артырып,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру.Оқушының жан-жақты ойлауын,ізденуін дамытып,есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік Оқушыларды микроскоппен жұмыс істеген кезде қауыпсыздык ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Микроскоп.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы

1 Ұйымдастыру кезеңі 1.Білімділік міндеттері:

а) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

ә) Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

2.Сабақ кезеңінің мазмұны:

а) Сәлемдесу

ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б)Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

1.Ең алғаш жарық микроскобын кім ойлап тапты?

2.Жасушаны ашқан кім?

3.Микропрепаратты қалай дайындайды?



4.Микроскоптің құрылысын айтыңдар?

3.Үй тапсырмасын бекіту:
1.Ең көп таралған ұлғайтқыш құрал:

А-жарық микроскопы В-қол лупасы С- штативті лупа

2.Жарықтың микропрепаратқа бағыты ненің көмегімен реттеледі?

А-Бұрынданың В-окулярдың С-айнанын

3.Окуляр құрсаудан және ...... тұрады.

А-ұлғайтқыш әйнектер жүйесінен В- екі ұлғайтқыш әйнектен С- бір ұлғайтқыш әйнектен

4.Объектив құрсаудан және ...... тұрады.

А-ұлғайтқыш әйнектер жүйесінен В- екі ұлғайтқыш әйнектен С- бір ұлғайтқыш әйнектен

5. Микроскоптың барлық бөліктерінің тірегі:

А- табаны В- тұтқа с- заттық үстел

6. 120 есе ұлғайтатын микроскоптың объективінде -15, окулярында-

А-6 В-7 С-8

7.Заттарды 1500-2000 есе ұлғайтатын құрал:

А-жарық микроскобы В-штативті лупа С-электрондық микроскоп
4.Жаңа сабақ

Жасуша қабықшасы-жасушаныңи сыртын қаптайды.Ол өте тығыз,қалың,қатты,ыстық суда,басқада қосылыстарда ерімейтін мықты болады.Қабықша –жасунықтан тұрады.Қабықшаның өте жұқарған жерін-саңылау деп атайды.(тесік емес тек салыстырмалы атауы)Саңылау арқылы,біріншіден,бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су,газ,зат алмасады.Екіншіден бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасы мен байланысады.Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді.Ішкі бөліктерін зақымдаудан,кеуып кетуден қорғайды.
Цитоплазма (грекше «цитос»-жасуша, «плазма»-сұйықтық)жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір,желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат.Цитоплазма құрамында 60-90 %су,10-20% нәруыз,1%бейорганикалық заттар бар.Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар)цитоплазмада орналасады.Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады.Ол үздіксіз қозғалыста болады.
Ядро-цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар.Цитоплазмасы ішінде пішіні өте анық көрінеді.Жасуша қабықшасыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған.(сақылау) жерлері көп Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады.Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.
Пластидтер-тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер.Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардің түсіне қарай пластидтер-хлоропластар,Хромопластар, Лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

Хлоропластар-өсімдікке жасыл түс береді.Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі.Хлоропласта жасыл пигмент-Хлорофилл бар.Органикалық зат түзуге қатысады.

Хромопластар-гүл күлтелеріне,күзгі жапырақтарға,піскен жемістерге,жемтамырларға қызыл,сары түс береді.

Лейкопластар-өсімдіктің тұқымында,тамырында , түйнегінде кездесетін түссіз,ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.
Вакуоль-цитоплазмада орналасады,сыртында қабықшасы бар,іші шірінға толы болатын бөлігі.Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады.Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар витаминдер,тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады.Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады.Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады.Ол улы заттарды ыдыратады.

Барлық тірі ағзаларға тән қасиет: белгілі бір пішіні мен мөлшерінің болуы. Атқаратын қызметіне, орналасуына байланысты жасушаның пішіндері әр түрлі болады. Біреуі шарға ұқсас екіншісі көп қырлы кейбіреулері ұзын болып келеды. Жасушаның пішіндері миллиметрмен өлшейды(микрон) Мысалы қарбыз алма, қызанақ жұмсағының домалақ жасушасын көзбен де көруге болады. Олардың диаметрі 1 мм-дей ғана.

3 зертханалық жұмыс

Пияз қабықшасы, жапырақ қабығының микропрепараттарын дайындау

Мақсаты: микропрепарат дайындап үйрену, микроскоппен дұрыс жұмыс істей білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

құрал жабдықтар мен материалдар: микроскоп, заттық және жабын шыны, қысқыш, суы бар стакан, сулықтар, пияз.

Жұмыс барысы мен нәтежесі:

Пияз қабықшасының өңінің дайындалу тәсілін оқулықтан мұқият оқып таныс.

Қағаз майлықпен сүртілген таза заттық шыны дайында.

Заттық шыныға тамшуырмен 1-2 тамшы су тамыз.

Пияз қабықшасының өңін сылап алып, заттық шыныдағы судың үстіне қой.

Оны жабын шынымен жап.

Микроскоптың үлкен және кіші ұлғайтқыштары арқылы дайындалған препаратты қара.

Өзіңді тексер суретті дұрыс белгілей отырып препараттың дұрыс дайындалу жүйесін анықта.

Қорытынды жаса: дайын болған препаратты микроскоптың үлкен және кіші ұлғайтқыштары арқылы көргеніңнің айырмашылықтарын жаз.
5.Түсінігін тексеру:
1.Жасыл пигмент –хлорофилі басым болатын пластид.

А)лейкопласт Ә)хлоропласт Б)Хромопласт

2.Жасушадағы сыртында қабықшасы бар тығыз зат.

А)цитоплазма Ә)қабықша Б)ядро В)вакуоль

3.Өсімдікте қоректік зат жинауға қатысатын пластид.

А) хлоропласт Ә) лейкопласт Б) Хромопласт В)хлорофилл

4.Жасушаның керексіз улы заттары ыдырататын бөлімі.

А)ядро Ә)қабықша Б)пластидтер В) цитоплазма

5.Жасуша шырынының біртіндеп жиналуынан пайда болатын

А)цитоплазма Ә)вакуоль Б)ядро В)лейкопласт


6.Сабақты бекіту

.

7.Үй тапсырмасы



§4.оқу.16-18 бет.Жұмыс дәптеріндегі 14,16 тапсырмалар.

8.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет