ойысқан сәтінде жиі байқалады. Ауру қойдан ешкі мен сиырға да жүғуы мүм-
кін.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған жэне хламидия алып
жүретін малдар. Хламидия алып жүру мерзімі өте ұзақ болады. Хламидиялар
сүтпен, несеппен, нэжіспен, іш тастаған соң шаранаман
жэне қынаптан аққан
сорамен бөлінеді.
Аурудың жаппай жүғуы сау мал мен ауру малдың буаз кезінде, төлдеген
кезінде, сақманнан кейінгі 1-2 апта уақыт аралығында және күйек кезінде
жанасуынан болды. Қоздырушы негізінен алиментарлық жэне жыныстық
жолдармен беріледі. Қошқарларға хламидиялар
ауру жэне хламидия алып
жүретін саулықтардан жұғады. Ауру саулықтан туған немесе оны емген қозы
инфекция бастауына айналуы мүмкін.
Сау емес шаруашылықтан әкелінген мал ауру таратуда өте қауіпті.
Мұндай малды экелген соң қой отарында жаппай іш тастау мүмкін. Әдетте
ондай жағдай шеттен ауру мал экелінген соң бір жыл өткен мезгілде бай-
қалады.
Індет тұрақтанған байқалатын жерде ауру жасырын түрде өтеді, малдың
күтімі
төмендеген кезде, антисанитариялық жағдайда, сақман алу ойдағыдай
өткізілмегенде індет асқынып, қойлар жаппай іш тастайды.
Дерттенуі.
Қоздырушы мен оның токсиндері қанға түсіп, эр түрлі ағза-
ларға жеткенде қойдың денесінің ыстығы көтеріліп,
жалпы жағдайы нашар-
лайды. Хламидиялар жыныс органдарына шоғырлануға бейім келеді. Қан мен
бірге жыныс мүшелеріне жеткенде қоздырушы эпителий клеткаларына еніп,
әсіресе, плацентаның хорионында, котиледондарында тез көбейіп бүларды
дистрофия мен өліеттенуге үшыратады. Хламидиялар жатырдағы төлдің дене-
сіне өтіп, оның миындағы, ішкі органдарындағы
дистрофиялық жэне өліет-
тену процестеріне, соған байланысты төлдің өлуіне себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: