Іріңдеткіш жэне шірітуші микробтар қабаттасқан жағдайда желіннің
паренхимасында сырты қабыршақтанған абсцессалар пайда болып немесе
ұлпаның кейбір тұстары шіріп, процесс теріні де қамтып,
онда тесілген орын-
дар болуы мүмкін. Желін үсті сөл түйіндері шектен тыс үлғайып, қанға керне-
леді, тіліп қарағанда суланып қызғылт түсті келеді. Бауыр сарғыш түсті, тіл-
генде сусыз, көбінесе үлкендігі бүршаққа таяу өліеттенген телімдер кездеседі.
Көк бауыр эдетте үлғайып, тысы керіліп, пульпасы қызыл-қошқыл болады.
Бүйректерді қан кернеп, тіліп қарағанда суланып, қабығының асты қанталап
түрады.
Жүқпалы мастит кезінде гангреналы
метрит жэне перитонит, ішек пен
қарынның жіті өтетін катарлы қабынуы жэне бүл ағзапардың кілегейлі қабы-
ғының қанталауы жиі ұшырасады. Өкпе де жиі зақымданып, қанға толады, эр
жерінде сарғылт, сүр түсті үсақ ошақтар кездеседі. Сөл түйіндері үлғайып,
қанға толады.
Балау.
Ауруға диагноз қою үшін індеттанулық деректер,
клиникалық
белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістер ескеріліп, емшектен бөлін-
ген сүйық пен патматериал зертханапық тексеруден өткізіледі.
Тікелей қой отарында сүтті мастидин немесе димастин сынамасымен
жэне түндыру сынамасымен тексереді. Бүл зерттеулер мапды жалпы мас-
титке тексерумен тақылеттес жүргізіледі жэне нәтижесі түпкілікті диагноз
қоюға мүмкіндік
бермейді, тек қана желінде қабыну процесінің бар не жоқ
екенін айқындайды.
Түпкілікті диагноз қою үшін стерильді апынған желін секретін немесе
өлген мап желінінің кесіндісін бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Бак-
териологиялық зерттеудің басты бір бөлігі эритроцитті агарда гемолизді зона
түзетін микробтарды бөліп апып, оның өсіндік-морфологиялық қасиеттерін
анықтап, апынған қоздырушының антибиотиктерге төзімділігі тексеріледі.
Емі.
Ауырған
қойларды бөліп алып, күтімін жақсартады. Ең апғаш мас-
титтің белгісі біліне бастағанда ауырған қойға 100000-200000 ӘБ пеницил-
линді күніне үш рет бүлшық етіне жібереді, ауызынан күніне екі рет 1-3 г
норсульфазол береді. Сонымен қатар, күніне бір рет емшектің үрпінен желін-
нің зақымданған бөлігіне 50 000-100 000 ӘБ пенициллин
немесе стрептоми-
цинді 10 мл физиологиялық ерітіндімен мастицид, мастисан сияқты бактерио-
цидті эмульсияны жібереді. Бүл дэрілерді жіберер алдында емшектің үрпінен
1-2% соданың жылы ерітіндісін жіберіп, мүқият сауып тастайды. Малдың
денсаулық күйіне байланысты емдеу 3-4 күнге созылады.
Алыс жайылымдағы мапды емдеу үшін үзақ уақыт әсер ететін препарат-
тар: бицилин-3, дибиомицин эмульсиясы қолданылады. Абсцесса мен гангре-
на болғанда желінді тіліп,
іріңін шығарып, өліетін сылып тастайды да, орнын
дезинфекциялаушы ерітіндімен жуады.
Соңынан антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: