Оқулық. Алматы, 518 бет


Иммунитет.  Жұқпапы маститпен ауырған қойда иммунитет қалыпта-  сады да, екінші рет ауырмайды. Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет248/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет
Жұқпапы маститпен ауырған қойда иммунитет қалыпта- 
сады да, екінші рет ауырмайды.
Дауалау және күресу шаралары. 
Саулық отарларын тек қана маститтен 
сау малдармен ғана толықтырады. Лактациядағы қойларды дүрыс азықтанды-
320


рып, қүтіп, үнемі жалпы денсаулығына, желіндері мен емшектерінің күй-жа- 
йына ерекше көңіл аударады. Желіні зақымданған саулықтарға уақыттылы ем 
қолданады. Емшектерінде сызат, жарақат болса, дезинфекциялаушы май 
жағады. Қой қораларында санитариялық реттілікті сақтайды.
Жұқпалы мастит байқапған отарда эр саулыққа қоздай салысымен бұл- 
шық етіне Ікг массасына 15 000-20 000 ӘБ дозасында бициллин-5 жіберіледі. 
Осылай ай сайын қозыны бөліп алғанша егіп отырады. Ауырған қойларды 
жедел бөліп алып жеке емдейді, ал қораға дезинфекция жүргізеді.
Атаулар мен ұғымдар
Қойдың жұқпалы маститі, Mastitidis infectiosa ovium, инфекционный мас- 
тит овец, гангреналық мастит. Staphylococcus aureus ovinus, Micrococcus 
mastitidis gangrenosa ovinus, Pasteurella haemolytica A және T биотигітері.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Қойдың жүқпалы маститі кезінде желінде жэне басқа да ағзаларда бола- 
тын патологиялық процестерге сипаттама беріңіз.
10.17. Қой мен ешкінің жүқпалы агалактиясы
Қой мен ешкінің жүқпалы агалактиясы 
(Agalactia infectiosa ovium et
caprarum,
инфекционная агалактия овец и коз) - малдың желіні, буындары 
жэне көздері зақымданып, сүті қайтуымен ерекшеленетін аса жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Ауруды алғаш рет Италияда Метакс 1816 ж. ашты. 
Содан кейін Орталық Европа мен басқа аймақтарда да белгілі бола бастады. 
Зерттеушілер оның қоздырушысының бактериологиялық сүзгіден өтетіндігін 
анықтап, бүл микроб вирустарға жатады деп болжам жасады. 1923 ж . Бридре 
мен Донатием микроб өсінін таза күйінде бөліп алған соң, оның сиыр пери 
пневмониясының қоздырушысына үқсас екендігі, яғни микоплазмаларға жа- 
татындығы анықталды.
Жүқпалы агалактия негізінен Жер орта теңізінің бассейінінде кеңінен 
тараған. Сонымен бірге, Кавказ сыртындағы елдерде: Әзербайжан, Армения 
жэне Грузияда, Орталық Азия елдерінде: Қырғызстан, Қазақстан, Монғолияда 
байқалады. Бүл ауруға қарсы әзербайжан ғалымы М. Фарзалиев 1949 ж. 
гидроокись алюминийлі формалвакцина үсынды.
321


Қоздырушысы 
-
Mycoplasma agalactiae
полиморфты 25-175 мкм, Рома- 
новский-Гимза әдісімен боялатын, жартылай ауасыбағалы, арнайы Эдвард 
қоректік ортасында, Мартен жэне қан сарысуы агарында жақсы өсетін ми- 
кроб. Сорпада 3-5 күн өткенде орта аздап лайланады. Тығыз орталарда 2-5 
күнде өзгеше дөңгелек, орталық тұсы агарға сіңіп өсетін өсін пайда болады. 
Алғашқы өсін алу қиынға түсетіндіктен бастагіқыда тауық эмбрионында өсіру 
жақсы нэтиже береді. Зертханалық жануарлардан тек үй қояны ғана сезімтал.
Агалактияның қоздырушысы физикалық жэне химиялық әсерлерге тө- 
зімсіз. 60°С-қа қыздырғанда 5мин., 70°С-та 30 сек. қайнатқанда бірден өледі. 
Сыртқы ортада минустық температурада 6 айға дейін, сүтте 10 күнге дейін 
сақталады. Кэдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрацйясында толық за- 
рарсыздандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет