Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет249/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Жұқпалы агалактиямен қой мен ешкі жыны- 
сына, жасына жэне тұқымына қарамай ауырады. Бәрінен лактациядағы жа- 
нуарлар және бір айға дейінгі төл өте сезімтал. Қолдан жүқтырғанда қой мен 
ешкі ғана ауырады. Қойға қарағанда ешкінің ауруға бейімділігі жоғары.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру жэне ауырып жазылған жануар- 
лар. Қоздырушы сыртқы ортаға сүтпен, нәжіспен, несеппен, шаранамен, көз- 
ден жэне қынаптан аққан сорамен бөлінеді. Ауырып жазылған мал 7 айға 
дейін қоздырушыны нәжіспен жэне несеппен бөліп шығаруы мүмкін. Ауру- 
дың берілуіне топырақ, көң, малды қарайтын адамдардың киімі сияқты жүқ- 
тыру факторларының да тигізетін эсері недэуір. Жүғу жолдары: алиментар- 
лық жэне емшек үрпі мен желіндегі жарақаттар мен сызаттар. Қозы мен лаққа 
аурудың жатыр ішінде тумай түрып жүғуы туралы да деректер бар.
Әдетте агалактия індет ретінде қозып, белгілі бір маусымда лактация 
кезеңінде байқалады. Кейде ауру күйек түскен кезде етек алады. Оның біліну 
ерекшеліктеріне ауа-райы эсер етеді. Агалактия малды алыстағы жайлауға ай- 
дап барған кезде, күн жауын-шашынды болып, суытқанда жаппай байқалады. 
Әр түрлі стресс-фактролар, буаздық, лактация індет процесінің өршуіне се- 
бепкер болады.
Ауырып жазылған қой мен ешкілер үзақ уақыт микроб алып жүретін- 
діктен агалактияның індет ошағы бір жерде талайға дейін тұрақтанып қалады.
Дерттенуі. 
Ішек-қарын арқылы немесе желіннің терісіндегі ұсақ жара- 
қаттардан өтіп, қоздырушы қанға түседі. Өсіп-өніп бүкіл денеге тарайды да 
бауырда, бүйректе, өкпеде, сөл түйіндерінде, көзде, ми мен жүлында, эсіресе, 
желін мен бауырда қабыну процесін тудырады. Инфекция процесі организмді 
түгел жайлайды.
Желінде интерстициялдық (сүт жолдарының аралығындағы) қабыну өр- 
биді де, агалактия орын алады, яғни сүттің түзілуі тоқтайды. Қосалқы ин- 
фекцияның әсерінен басқа да патологиялық процестер басталып, эр түрлі 
үлпалар мен ағзалардың қабынуы мен өліеттенуіне әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет