Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет246/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Жұқпалы маститпен лактациядағы саулық қой 
ауырады. Суалған қысыр жэне буаз қойлар ауырмайды. Бірінші туған тұсақ- 
тарда жиі байқалады. Ауру қоздағаннан кейін 2-3 аптадан соң басталып, сақ- 
ман аяқталғаннан кейін шегіне жетеді. Ауру енесінен қозыға жұғуы мүмкін. 
Қозылардың тыныс жолдары зақымданып, ауру пневмония ретінде өтеді.
Ауру алғаш шыққанда қоздырушының бастауы - микроб алып жүретін 
қойлар мен пневмониямен ауырған қозылар болады. Микробтың ену жолдары 
емшектің үрпі, желіннің зақымданған терісі. Қоздырушы ластанған төсеніш- 
тен, көңнен денеге түседі немесе қозы емгенде ауру саулықтан сау саулыққа 
жұғады. Микроб сыртқы ортаға қойдың сүтімен, қозының танауынан аққан 
сорамен бөлінеді. Аурудың шығуына сыртқы ортаның қолайсыз факторлары 
әсер етеді. Қозы кезінде пневмониямен ауырған тұсақ микроб алып жүріп, 
жағымсыз факторлардың эсерінен ауруы асқынып, жұқпалы маститке ұшы- 
рап, індеттің тұтануына себепкер болуы мүмкін.
Жұқпалы маститпен қой ауырғанда тұқымына қарамайды. Кей шаруа- 
шылықта ауру тұрақты орын тебуі мүмкін.
Дерттенуі. 
Маститтің қоздырушылары желін ұлпасына үш түрлі жолмен 
енеді: лактогендік - емшектік үрпі, яғни сүт шығатын канал арқылы, лимфо- 
гендік - зақымданған немесе сызаттанған тері аркылы, гематогендік - жатыр- 
дағы іріңді немесе гангреналық процестер кезінде.
Ауру қоздырушысы желіннің паренхимасында өсіп-өніп, улы заттар бө- 
ліп шығарады да, жайылған домбыққан қабыну процесін тудырады. Нәтиже- 
сінде желіннің сүт түзу қызметі бүзылады. Бара-бара микробтар мен олардың 
өнімдері жалпы қан айналымына өтіп, дененің ыстығын көтеріп, улап, қо- 
салқы микрофлораның эсерінен асқынып, эр түрлі желінсаудың өрбуіне әкеп 
соғады.
Өтуі мен симптомдары. 
Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағат- 
тан бір тэулікке дейін. Маститтің үш клиникалық түрі болады: гангренаға 
үласатын геморрагиялық, сулы жэне сулы катарлы, абсцессаға айналған.
318


Геморрагиялық мастит жіті басталып, гангренаға ұласады. Ауырған сау- 
лық қатты күйзеліп, оттамайды, ыстығы көтеріліп 40,5-42°С болады, тыныс 
алуы жэне тамыр соғысы жиілейді.
Зорға қозғалып, жүргенде артқы аяқтарын алшақ ұстайды. Желіні ісініп, 
ісік бауырына, санына шабады. Желін сөл түйіндері ұлғайып, ауырсынады. 
Жануар тез арықтап, арқа жэне бүйір жүндері ұйпаланып түсе бастайды. Же- 
ліннің зақымданған бөлігі ұлғайып, қатайып, терісі тырсиып, басып көргенде 
көкшіл қызғылт дақтар пайда болып, ұлғая келе бір-біріне қосылады. Желін- 
нің ыстығы қайтып, сезімталдығы жойылады. Емшегі көгеріп, қарайып кетеді. 
Желіннің ұлпасы іри бастайды да, гангреналық процестің нэтижесінде эр же- 
рінен тесіліп, исі аса жағымсыз экссудат бөлінеді. Гангрена ауқымды бол- 
ғанда желін түтастай бөлініп, орынында жалаңашталған қан тамырлары ғана 
қалады.
Мұндай мастит кезінде сауып көргенде сүт болмай, оның орнына су 
сияқты қызғылт ірімтіктер бар сұйықтық шығады. Гангрена басталғанда экс- 
судат сұрғылт түске ауысып, иісі жағымсыз болады.
Сулы (серозалық), сулы-катарлы мастит жіті немесе жітіден төмен өтеді. 
Малдың жем-шөпке зауқы азаяды, температурасы 0,5-1°С-қа көтеріледі. Жү- 
рісі қиындап, көбінесе жата береді. Желіннің зақымдалған бөлігі тығызда- 
нып, терісін қан кернеп, ауырсынады. Емшегі үлғайып, сауғанда сүтте ірімтік- 
тер кездеседі, сүттің реакциясы сілтіленіп, лейкоциттердің саны көбейеді.
Абсцессаға айналған мастит көбінесе созылмалы өтеді. Ауырған саулық 
күйзеліп, жемшөп жеуі саябырлайды, оқтын-оқтын ыстығы көтеріліп, жүдей 
бастайды. Желіннің үлпасы бастапқыда тығызданып, кейіннен эр жері жүм- 
сарып, көлемі эр түрлі былқылдаған ошақтар байқалады. Абсцессалар терең- 
де орналасса, басып көргенде жүмсарған ошақтардың байқалмауы мүмкін. 
Кейіннен абсцессалар тесіліп, дәнекер үлпалар өсіп, тесілген жері бітіп, тыр- 
тық пайда болады. Сауғанда ірімікті су шығып, ірің бөлінеді. Абсцессалар 
жарылғанда секреттегі ірің көбейеді.
Енесінен ауру жүққан қозы пневмонияға шалдығып, денесінің қызуы 
41,5°С-қа жетеді, ентігіп тыныс алып, тамыры жиі соғадьі. Жемшөпке қара- 
май, күйістен қалады, жөтеліп танауынан сулы-іріңді сора ағады, сонымен 
қатар, іші өтеді. Ауырған қозы әдетте өледі, жазылған жағдайда микроб алып 
жүруші болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет