Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет243/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 3-6 күн. Ауру негізінен созыл- 
мапы өтеді. Шірікбақайдың негізгі белгілері: қой мен ешкінің жүргенде ауыр- 
сынып, аяғын баса алмай, түяқ ашасы домбығып, жүні түсіп, терісінің беті 
көшкінденіп, эртүрлі бозғылт дақтардың пайда бола бастауы. Бүл кезде өз- 
геше шірік иіс пайда болады. Зақымдану жеңіл-желпі болғанда түяқтың кей- 
бір жері, әдетте ішкі немесе өкше жағы, босаңсып, қобырайды. Ал зақымдану 
біршама болғанда түяқ мүлдем сыдырылып, түсіп қалады. Ауырған мал ақсап, 
жүре апмай қалады да, жүдеп кетеді.
Көп жағдайда шірікбақайға сарып қабаттасып, аралас инфекция түрінде 
өтеді. Мүндай жағдайда ауру өте асқынып, дерт процесі тереңге кетеді. 
Астыңғы тарамыстар өліеттеніп, абсцессапар пайда болады. Микробтар мен 
оның улары қанға түсіп, өлітиюі мүмкін. Буаз саулықтар іш тастайды. Мүндай 
асқынған жағдайда отардағы мапдың 40-70% ауырып, өлім көрсеткіші жоғары 
болады.
315


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер 
негізінен тұяқта жэне оның 
айналасындағы ұлпаларда кездеседі. Тұяқ сыдырылып түсіп қапады, ал түс- 
пеген жағдайда жұқарып, жұмсарады. Кейбір тұстары өліеттенеді. Тұяқты 
қопарып алғанда өліттенген жердегі ұлпалардың түсі акдіыл-сарғыш келеді, 
жағымсыз шірік иіс шығады.
Балау 
үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және патоло- 
гиялық-анатомиялық өзгерістер ескеріледі. Бактериологиялық тексерудің нә- 
тижесіне айрықша көңіл бөлінеді. Түяқтың шіріген жерінен жағынды даярлап, 
Грам эдісімен бояғанда микроскоптың бір көрінетін ауқымында 20 шақты 
В.
nodosus
байқалады. Қажет болғанда қойдың немесе қозының тұяқ ашасын- 
дағы теріні тырнап, патматериалдан даярлаған езіндіні тамызып, немесе езінді 
сіңірілген тампон қойып, дэкемен 2-3 күнге орап тастайды. Биосынаманың 
нәтижесі оң болғанда 4-5 күнде түяқ түсіп қалады.
Шірікбақайды серологиялық тәсілмен балау үшін комплемент байланыс- 
тыру реакциясы үсынылған. Бүл эдіс ауыра басталған соң 80% жағдайда оң 
нәтиже береді де, аурудың клиникасы өшкен кезде теріс нэтиже береді.
Ауруды сарыптан, жүғымтал эктимадан, шешектен, аусылдан, жүқпалы 
емес пододерматиттен, механикалық жарақаттанудан ажырату қажет.
Емі. 
Ауырған малды бөліп алып емдейді немесе сояды. Емдеу үшін 
зақымданған түяқты тазалап, хирургиялық шаралар қолданады. Жылы сумен 
сабындап жуып, өліетті бөлінділерден, жабысқан қыл-қыбырдан эбден таза- 
лайды. Антисептикалық ерітінділермен (0,1% калий перманганаты, 5% спирт- 
ті йод, 3% сутегінің асқын тотығы, 0,5-1% хлорамин) сүртеді. Түяқтың өсіп 
кеткен, өліеттенген, ірің кеулеген жерлерін мүқият жонып, жонылған жэне 
кесілген қалдықтарын өртеп жібереді.
Ауырған мал көп болғанда арнаулы аяқ ваннасы пайдаланылады. Асты 
бетондалған ваннаға 10% формалин немесе тотыяйын, 5% параформ, 5-10% 
күкірт-карбол қоспасын қүйып, ауырған малды айдап өткізеді. Содан кейін 
малды тазаі төсеніш төселген қүрғақ қорада үстайды.
Емдік мақсатта эр түрлі антисептикслық эмульсиялар жэне аэрозольді 
дэрілер пайдаланылады. Ауру асқынып кетсе антибиотиктер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет