Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет250/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі қолдан жүқтырғанда 2-6 күн, 
табиғи жағдайда 10 күннен 2 айға дейін созылады. Агалактия жіті, жітіден 
төмен жэне созылмалы өтеді. Дерт процесінің орын тебуіне байланысты ауру- 
дың маститтік, буындағы, көздегі, жүлындағы жэне аралас түрлері болады.
322


Ж іті өтуі
лактациядағы малда, қозы мен лақта байқалады. Лактациядағы 
қой мен ешкіде негізінен желіндері, сирегірек буындары мен кездері зақым- 
данады. Тоқтыларда, серкештер мен шыбыштарда, текелер мен қотқарларда 
аурудың басты белгісі бір көзі мен буындарының зақымдануы. Алғащында 
ауырған мал күйзеліп, жемшөпке самарқау тартып, денесінің ыстығы оқгын- 
оқтын көтеріледі. Содан барып лактациядағы малда катарлы немесе парен- 
хималық мастит байқалады.
Жітіден төмен
өткенде денесінің ыстығы көтеріліп, мал күйзеледі, же- 
ліні, буындары мен көздері зақымданады. Кейбір жануарларда тек қана желін- 
сау байқалады да, сүті қайтып кетеді. Ауру асқынғанда іріңді мастит болып
гангреналық процеске ұласады.
Ауру 
созылмалы
өткенде негізгі белгілері жітіден төмен өткендегідей, 
бірақ, оншама айқын білінбейді.
Желіндегі түрі
кезінде көбінде желіннің бір бөлігі, ал кейде екі бөлігі де 
қабынады. Желін үлғайып, ып-ыстық болып үстағанда ауырсынады. ’Желіннің 
үстіндегі сөл түйіндері ұлғаяды. Сүт қоюланып, дәмі ащы тұз татиды, кейін- 
нен су сияқты сүйылады, реакциясы сілтілік түрге ауысады. Кейіннен сүттің 
орынына ішінде ірімігі бар сүйық, одан соң мөлдір су бөлінеді. Желін кіші- 
рейіп, беріштеніп қатаяды да, сүттің шығуы мүлдем тоқтайды. Емшектерінде 
қатты түйіндер пайда болып, өліеттенеді де, одан қоймалжың ірің мен сұйық 
ағады. Буаз мал іш тастайды.
Буындагы түрі
кезінде інегізгі іклиникалық белгілері - малдың аяғы 
ақсап, жүргенде ауырсынады. Кейіннен буындары ісініп, ұстағаыда қолға ыс- 
тығы білініп, ауырсынады. Әдетте бақайшық, тізе, шынтақ буындары, сирегі- 
рек тарамыстары мен тарамыс қынаптары қабынады. Буынына ине сұқканда 
қоюлығы эр түрлі экссудат ағады. Бірнеше күн өткенде іріңді артрит өрбиді. 
Ауру жеңіл өткенде буындары домбығып, үстағанда ыстығы білініп, мал аяғы 
ақсап, ауырсынып басады. Уақыт өте келе жазылып кетеді.
Көздегі түрі
кезінде қабақтары домбығып, қан кернейді, көзден жас 
ағып, конъюнктивит байқалады. Жануар жарыққа қарай алмай қарашығы 
бүлыңғыр тартып, көз көрмей қалады. Бүл кезде дененің ыстығы көтеріліп, 
буындары аздап ісініп, ауырсынады, сүті қайта бастайды.
Жүлындагы түрі
кезінде ауруға шалдыққан мал тез шаршайды. Жиі-жиі 
жатып қалып, орынынан ықылассыз түрады. Жануар аяғын байқап басып, сақ- 
тықпен қозғалады. Жүргенде теңселіп, элсіздігі сезіліп тұрады. Аяқтары, эсі- 
ресе, артқы аяқтары, қозғалғанда былқ-сылқ етеді. Уақыт өте салдану бас- 
талады да, жануар жүріп-түра алмай қалады.
Аурудың 
аралас түрі
жиі байқалады. Желіннің және кездің зақымдануы, 
буынның зақымдануы, осындай аурудың эр түрлі қабаттасып өтуі байқалып 
түрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет