Қоздырушысы
-
Mycoplasma agalactiae
полиморфты 25-175 мкм, Рома-
новский-Гимза әдісімен боялатын, жартылай ауасыбағалы, арнайы Эдвард
қоректік ортасында, Мартен жэне қан сарысуы агарында жақсы өсетін ми-
кроб. Сорпада 3-5 күн өткенде орта аздап лайланады. Тығыз орталарда 2-5
күнде өзгеше дөңгелек, орталық тұсы агарға сіңіп өсетін өсін пайда болады.
Алғашқы өсін алу қиынға түсетіндіктен бастагіқыда тауық эмбрионында өсіру
жақсы нэтиже береді. Зертханалық жануарлардан тек үй қояны ғана сезімтал.
Агалактияның қоздырушысы физикалық жэне химиялық әсерлерге тө-
зімсіз. 60°С-қа қыздырғанда 5мин., 70°С-та 30 сек. қайнатқанда бірден өледі.
Сыртқы ортада минустық температурада 6 айға дейін, сүтте 10 күнге дейін
сақталады. Кэдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрацйясында толық за-
рарсыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: