Оқулық. Алматы, 518 бет


Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет256/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Аурудың бастапқы кезеңіңен 
бастап өкпенің эр түрлі бөліктерінде плевраның астында ұсақ қабыну ошақ- 
тары кездеседі. Алғашқыда процесс өкпенің жоғарғы бөліктерінде іболады да, 
кейіннен гөменгі бөліктерін де қамтиды, өкпенің зақымданған бөлігі ұлғайып 
тығызданады.
Ауру жіті өткенде көкірек қуысында 1-2 л қызғылт-сары түсті лайланған 
экссудат жиналады. Өкпе тұтастай немесе оның жеке бөліктері бауырланудың 
эр түрлі сатысында, ал тіліп көргенде «мэрмэр» түсті болады. Плеврада ұйьіт 
ған фибрин жіп тэрізді немесе жұқа қабыршақ болып жабысып тұрады да, 
оңай сыдырылып алынады, плевра өкпеге жабысып тұрады. Бронх төңірегін- 
дегі жэне өкпе аралық сөл түйіндері үлғайып, суланады. Басқа мүшелерде ай- 
тарлықтай өзгеріс байқалмайды, тек қана көкбауыр сәл үлғаяды, ал кілегейлі 
жэне сірілі қабықтары аздап қанталайды.
39-сурет. Кебенекпен ауырган ешкі.
Кебенек созылмалы өткенде өкпе өліеттеніп, өліеттенген телімдердің 
айналасы қабықтанады. Өкпенің үлпасы іріңдеп, ыдырайды.
Балау. 
Ауруды балау үшін індеттанулық деректер: оның тез таралып, 
өлім көрсеткішінің өте жоғары болуы, тек қана ешкінің ауыратындығы 
ескеріледі. Клиникалық ерекшеліктері тұрақты жоғары температура , жөтел, 
плевропнев-мония, малдың тез жүдеуі ауруға диагноз қою үшін қүнды дерек
328


болып табылады. Ал оның өзіне тэн патологиялық-анатомиялық белгілері: 
өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп қарағанда "мәрмәр" түсті болуы. кебенекке 
күдік тудырады. Нақтылы тұжырым жасау үшін қоректік ортада ауру қозды- 
рушысын оңай бөліп алуға болады. Алынған өсінді КБР жэне ДПР арқылы ай- 
қындайды. Тек қана ауру созылмалы өткенде диагноз қою қиындыққа түседі. 
Ондай жағдайда перипневмония антигенін пайдаланып, ауырған және ауруы 
күдікті ешкілердің қан сарысуымен ІСБР реакциясын қоюға болады.
Ауруды балау қиынға соқса патматериалды лақтарға жүқтырып биосы- 
нама қояды. Ауырған лақтың клиникасы мен патологиялық өзгерістерін 
байқау мен қатар, олардың қан сарысуын КБР арқылы тексеру ойдағыдай 
нэтиже бе-реді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет