лады. Телязиоз кезінде конъюнктива куысында телязиялар табылады. Жұқпа-
лы мастит кезінде дененің ыстығы жоғары болып, тыныс алуы мен тамырдың
соғуы жиілейді, құрсақтың кіндік тұсы домбығып, ауру жылдың кез келген
маусымында байқалады. Қатерлі катарлы қызба кезінде конъюнктиваны өте
іттұғыл қан кернейді, көздің мүйізді қабығы тез бұлдыр тартады. Сонымен
қатар, ауыз бен танаудың кілегейлі қабықтары домбығады, ал мұндай қүбы-
лыстар агалактиямен ауырған малда байқалмайды. Тілме септицемиясы ке-
зінде өкпе мен бауырдың зақымдануы жас қозыларда ғана болады. Барлык,
жағдайда түпкілікті балау бактериологиялық зерттеудің нэтижесіне негізде-
леді.
Емі.
Агалактияның телімді емі жоқ. Емдеу үшін бірқатар дәрі-дәр-
мектер ұсынылған. Новарсенолды 0,01г/кг дозада 5% ерітінді ретінде көк
тамырға жіберу арқылы қолданады. Егер оған қоса 10% уротропин ерітін-
дісін күніне 3 рет 4-5 сағат аралатып, 4 мл дозада 1 апта бойы жіберіп отырса,
емнің нәтижесі едәуір артады. Бұнымен қоса жүректін қызметін жақсартатын
дәрілерді қолданған жөн. Йод пен йодты-калийдің судағы ерітіндісінің емдік
қасиеті айтарлықтай. Антибиотиктерден дибиомицин мен тетрациклин қол-
данылады. Көз зақымдалғанда емдеу үшін бор қышқылы мен альбуцид қол-
данылады. Мастит байқалғанда пенициллин, стрептомицин пайдаланылады.
Ісіген буынның жанындағы терінің астына 1 мл. Люголь ерітіндісін немёсе
тотыяйынның 1% ерітіндісін ересек малға 2-3 мл, төлге 1-1,5 мл жібереді.
Иммунитет.
Ауырып жазылған қой қайтадан ауырмайды, ал ешкіде он-
дай иммунитет болмайды. Әзірбайжанда М. Фарзалиев дайындаған аллюми-
ний гидрототықты формолвакцина егілген малды түгелдей аурудан сақтамай-
ды, тек шалдығу көрсеткішін төмендетеді. Румынияда даярланған тірі вакци-
наның иммунитеті біршама жоғары. Бұл препарат Монғолияда пайдаланы-
лып, тэуір нәтиже берді.
Достарыңызбен бөлісу: