Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет251/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Өлген мал әдетте эбден арык- 
таған. Терінің асты мен етінде іріңдеген абсцессалар болуы мүмкін. Жеке мү- 
шелердегі өзгерістер аурудың түріне байланысты болады.
Көздегі түрі кезінде көздің мүйіз қабығы ақшыл тартып, сүрланады. Мү- 
йізді қабықтың сұрлануы бір жерде шоғырланады немесе эр жерде шашыран-
323


ды болуы мүмкін, қан тамырларын қан кернеуіне байланысты мүйізді қабық 
қызғылт қоңыр реңге енеді, сонымен қатар ноғала тэрізді қабыршақ пайда бо- 
луы мүмкін. Ондай қабыршақ оңай сыдырылып орнында шеті жырымдалған 
ақшылтым ойылым болады. Кейде мүйізді қабық тесіліп кез ағып кетеді.
Желін зақымданғанда сүт цистернаиары кеңіп, сүрғылт-сұр, ұйыған, ірім- 
тіктелген қоймалжың массаға толы бөлтек-бөлтек қуысқа айналады. Зақым- 
данған бөліктің паренхимасы азғындап, тығызданып, арасында ұсақ бұдыр- 
мақтар немесе недэуір ошақтар пайда болады. Бұл бұдырмақтар мен ошақтар- 
ды жарып, қысса, ірімтіктелген қою бөлінді шығады.
Ісінген буынды тіліп қарағанда ішінде ұйыған фибринді экссудат болады. 
Буын қабы жуандап, ішкі жағын қан кернейді, буын шеміршектерінің әр жері 
мүжіледі. Тарамыс қынаптары зақымданса, олар жуандап, ішінде ұйыған фи- 
брин талшықтары кездеседі. Кейде дертке буынның айналасындағы ұлпалар 
да щалдығып, дэнекер жэне май ұлпаларында экссудат іркіліп, жалқақ пайда 
болады. Буынның маңында абсцесса кездесуі де мүмкін. Дерт сүйекке де 
жайылып, жіліктің кемігімен жілік майы қанталап тұрады. Жіліктің майы 
сұйылып, сораға ұқсайды.
Аурудың жұлындағы түрінде мишықтың, жұлынның қабын қан кернейді: 
Кейде жұлынның сұрғылт заты сұйылып, жұлынның ішіндегі сұйык лай- 
ланады. Жұлыннан тараған жүйке желісі ісінеді. Омыртқалардың біріккен 
жерлерінде абсцессапар ұшырасады.
Көк бауыр агапактия кезінде эдетте ұлғаймайды, бірақ, тіліп қарағанда 
түйіршікті дэнекер ұлпа (грануляция) байқааады. Көк бауыр паренхимасында 
сұрғылт-қоңырқай түсті үлкендігі тарьщай бұдырмақтар жиі ұшырасады. 
Олар паренхимадан оңай ажырайды.
Жүрек пен бауыр болжыраңқы, эр жерлерінде гистиоцитарлық инфиль- 
трат кездеседі. Бүйректердің үсті бұжырланып, ұлпасы тығызданып, қатаяды. 
Кейде бетінде ақшыл-сүрғылт дақтар ұшырасады да, ол жердегі бүйректің 
сыртқы қабы ішкі паренхимасына қарай тартылады. Тіліп қарағанда дақтар- 
дың формасы үшкір сына тэрізді болады.
Балау. 
Жұқпалы агалактияға диагноз қою, оның басқа ауруларға ұқсас- 
тығы көп болғандықтан бірталай қиыншылықтар тудырады. Сондықтан ауру- 
дың біліну ерекшеліктерін жан-жақты мұқият тапдау қажет. Індеттік жағдай- 
ды, клиникапық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескере 
отьфып, қажеттілігіне қарай бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.
Бактериологиялық зерттеу үшін мапдың қанын, сүтін, буыннан сино- 
виапьды сұйықтықты, an өлекседен сөл түйіндерін, жұлын, сұйығын, үлпер- 
шек ағзаларды жэне миын алады, сонымен қатар зертханаға тастанды төлді 
жөнелтеді. Серологиялық диагноз үшін диффузды преципитация жэне ком- 
племент байланыстыру реакцилары ұсынылған. Кейбір ерекше жағдайларда 
лақ мен үй қоянына жұқтырып, биосынама қояды. Үй қоянына материалды 
көздің алдыңғы қаптасына жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет