№ 3 дәріс Термодинамика анықтамалары және сыныптамасы Термодинамика табиғаттағы химиялық, механикалық, физика-химиялық құбылыстар бөліктерін қамтиды, энергияның өзара өзгерісін зерттейді.
Термодинамика қазіргі кезеңде үш бөлімге бөлінеді:
1. Жалпы термодинамика немесе физикалық термодинамика. Қатты, сұйық, газтәріздес денелерде энергияның түрленуін, әр түрлі дененің сәулеленуін, магниттік және электр құбылыстары процестерін зерттейді, термодинамикалық шамалар арасындағы математикалық байланысты белгілейді.
2. Химиялық термодинамика– химиялық жылулықты, физика-химиялық процестерді, тепе-теңдік пен сыртқы жағдайдың тепе-теңдікке әсерін зерттейді.
3. Техникалық термодинамика – жылудың жұмысқа өзара түрленуінің заңдылықтарын қарастырады. Жылу және мұздатқыш машиналарда жүретін жылулық, механикалық және химиялық процестер арасындағы өзара байланысты орнықтырады, газ бен буда өтетін процестерді, әртүрлі физикалық жағдайларда осы денелердің қасиеттерін зерттейді.
Термодинамиканың негізгі заңдары Термодинамика негізгі екі заңға жүгінеді – термодинамика бастауларына.
Термодинамиканың бірінші бастауы – энергияның түрлену және сақталу заңын көрсетеді.
Термодинамиканың екінші бастауы – бөлшектердің көп мөлшерінен тұратын жүйелердегі макроскопиялық процестердің бағытын, олардың жүзеге асу шарттарын анықтайды. Сондықтан, екінші бастауы шектеулі қолданылады.