Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау жэне күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет355/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау жэне күресу шаралары. 
Ауырып жазылған құстарда 6 айға 
дейін стерильсіз иммунитет қалыптасады. Аурудың алдын алу үшін түмаудың 
А типіне қарсы өлтірілген гидроокись аллюминий вакцинасын, қүстың тұма- 
уына қарсы сүйық жэне қүрғақ өлтірілген вакциналарды қолдану ұсынылған. 
Негізінен қүс шаруашылығында өлтірілген адъювант ретінде майлы эмульсия 
қосылған вакцина қолданыс тапты.
Аурудың алдын алу үшін қүс фермалары мен фабрикаларында санита- 
риялық реттілікті сақтаудың, зоогигиеналық талаптарды орындаудың маңызы 
зор. Шеттен қүс әкелгенде, жем, транспорт, ыдыс кіргізгенде сақтық шарала- 
рын мүқият сақтау қажет.
Ауру шыға қалғанда шаруашылыққа карантин қояды. Егер түмау бір 
қорада байқалса, ондағы барлық ауырған жэне күдікті кұсты қан шығармай 
өлтіріп, жояды да, қалған сау құсты етке сояды. Қораны мұқият дезинфек- 
циялайды. Егер ауру бірнеше қорада байқалса, күн сайын ауруға күдікті жэне 
әлсіреген қүсты бөліп алып, сойып, патологоанатомиялық өзгерістер табылса 
утильге жібереді. Өзгерістер болмаса ішкі ағзаларды утильдеп, етін пісіріп 
тағамға пайдалануға жібереді. Ауру шыққан құстың жұмыртқасын инкуба- 
торға жіберуге болмайды, оны 10 минут қайнатып, тағамға жаратады.Барлық 
құсты сойған соң, мүқият дезинфекция жасап барып, карантинді алады.
ЖЗҚТ байқалғанда, әсіресе оның адамға қауіпті H5N1, H5N2, 
H7N1 
штаммдары бөлінсе, індет ошағы орналасқан 3 - 5 км аймақта барлық құстар 
жойылады. Оның сыртындағы ені 7 - 10 км аймақтағы қүстар түмауға қарсы 
егіліп, буферлік зона жасалынады. Оның сыртында ені тағы да осындай ай- 
мақтан құсты әкетуге тиым салынады.
Атаулар мен үғымдар
Құстың тұмауы, қүстың обасы, грипп птиц, чума птиц, Grippus avium, 
Influenza A influenzavirus. Жоғары зардапты қүс түмауы(ЖЗҚТ), төменгі 
зардапты қүс тұмауы(ТЗҚТ).
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
441


ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау және күресу шаралары.
Тапсырма
Құс тұмауының таралуындағы жыл құстарының рөлін жэне бұл аурудың 
адамға қауіптілігін негіздеңіз.
14.3. Пуллороз
Пуллороз 
(Pullorosis,
пуллороз) - тауық балапанының ішегі мен үлпер- 
шек мүшелердің зақымдануы жэне септицемиямен, ал ересек тауықтың ана- 
лық безінің фоликуласының азғындауымен ерекшеленетін ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет