нуға болады. Оның қолданылатын ерітіндісіндеіспора түзбейтін бактериялар
мен вирустарды жою үшін 2% белсенді хлор, аліспоралы бактериялар үшін
5 % белсенді хлор болу керек.
Хлорлы экте кальцийдің эр түрлі негіздік тұздары болады. 'Олардың ішін-
дегі ең бастысы кальций гипохлориді - Са(СӨ)2. Ол суда хлорлы қышқыл -
НСО түзеді, одан тұз қышқылы мен оттегі бөлініп шығады.
Калъций гипохлориті -
Са(СЮ
)2
- сарғыш түсті хлордың иісі бар ұнтақ
зат. Құрамында 90 % -ға дейін белсенді хлоры бар. Қышқыл ортада бос хлор,
ал сілті ортада - бос оттегін бөліп шығарады.
Құрамындағы хлорды өте ұзақ
сақтайды. Практикада кальций гипохлоритінің ДТСГК (двутретиосновная
соль гипохлорита кальция) препараты қолданылады. Оның құрамында 47-
52% хлор болады. Хлорлы эк сияқты пайдаланылады, бірақ, оған қарағанда
әлдеқайда қолайлы, микробтарға эсері де күшті. Спора түзбейтін микробтар
тіпті0,1-0,2 % ерітіндісінен-ақ өледі.
Хлорамин -
суда нашар еритін ақ не сарғыш түсті ұнтақ зат. Хлорамин Б
күрамында 30% -ға дейін белсенді хлор болады. Ерітіндісі ұзақ уақыт күшін
сақтайды. 0,2-5 % ерітінді күйінде пайдаланады. Зарарсыздандырумен қатар
жағымсыз иісті де жояды.
Бір хлорлы йод -
әзгеше иісі бар, суда түгел еритін, сарғыш қоңыр түсті
сұйық зат. Оны лабаратория жағдайында шыны ыдыста 10 г
йодты
қышқылды калий мен 11г иодты кальцийді 875 мл езілмеген тұз қышқылында
шайқап араластырады да 1л жеткізіп су құяды. Бұны 100% -ға балайды да,
қажетінше ерітінді әзірлейді. Қысағаны емдеу жэне тоңазытқыштағы зеңді
(плесень) жою үшін 7% -ды ерітіндіні пайдаланады. 10%-ды ерітінді топалаң
қоздырушысының спорасын өлтіреді.
Калий перманганаты
(К М п04) - өте күшті тотықтырғыш, бөлмелік
температзфада ойдағыдай зарарсыздандыру жэне иіссіздендіру қасиеті бар.
0,5-2 % -ды ерітінді күйінде қолды дезинфекциялау үшін, ал 2-4 % -ды ерітінді-
сімен ет сататын жердегі столды, ішек салған ыдысты дезинфекциялайды.
Достарыңызбен бөлісу: