Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 ы. Алтынсариннiң ғылыми және әдеби қызметi



Pdf көрінісі
бет168/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

3. ы. Алтынсариннiң ғылыми және әдеби қызметi.
Ол өз замандастары 
арасында ғалым-этнограф, көсемсөзшi әрi ақын ретiнде де ке ңi нен таныл-
ды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлi-
мi нiң толық мүшесi болды. Географиялық қоғамның 
тапсырмаларымен баяндамалар жасап тұрды, қазақ 
халқының этнографиясы бойынша мақалалар жа-
риялады. Атап айтқанда, Кiшi жүз қазақтарының 
жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау 
дәс түрi, ежелгi әдет-ғұрып заңдары туралы зерттеу 
мақалалары жа рық көрдi. Ол өзiнiң жұмыстан қолы 
босаған кездерiнiң бәрiн де ауыл арасында өткiздi, туған халқының тари-
хы, фольклоры, ше жi ре сi, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi туралы материалдар 
ойыңмен бөліс
Ы. Алтынсариннің 
қуануы орынды ма?
есіңе түсір!
Зайырлы мектеп 
дегеніміз не?
жұптық жұмыс
Ы. Алтынсариннің 
ықпалымен ашыл-
ған мектептерге 
кесте жасаңдар.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


184
жинастырды. Өзi нiң көзi тiрiсiнде бiрқатар ғылыми 
мақалалары журналдар мен газет терде жарияланды.
«Орынбор 
ведомствосы
қырғыздарының құда 
түсу мен үйлену тойы кезiндегi әдет-ғұрыптарының 
очеркi» атты еңбегiнде үйлену тойларына байланысты 
толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптiштей суреттедi. 
Ы. Алтынсариннiң әдеби мұрасы да едәуiр елеулi. 
Ол И.А. Кры лов тың мысалдарын, Л.Н. Толстойдың 
әңгiмелерiн орыс тiлiнен қа зақ тiлiне аударумен қатар, өзi де қысқа әрі 
тартымды әңгiмелер жазды. Ы. Ал тынсариннiң қаламынан туған аударма-
лар, өлеңдер, әңгiме лер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегiлер 
оқырман жү регiне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр 
алуан. Ы. Ал тын сариндi қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн қалаушы деп 
бiлемiз.
Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да едi. Оның «Азған елдiң би ле рi», 
«Әй, достарым!», «Әй, жiгiттер!», «Ана» атты өлеңдерiнiң адамгершiлiк-
ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерiнен қазақ жастарының 
талай ұрпағы үлгi-өнеге алып, тәрбие көрдi. 
«Бiр Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңiлге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тiлегенiң алдыңнан
Iздемей-ақ табылар...» –
деген «Кел, балалар, оқылық!» өлеңiнiң жас ұрпақты 
тәрбиелеуде маңызы өте зор. 
Ы. Алтынсариннiң шығармаларында қазақтың 
өмiрi шын шылдықпен бейнелендi. Оларда бiлiмге
ғылымға деген құлшыныстың қажеттiгi кеңiнен наси-
хатталды. Жастарды оқу-бiлiмге шақыра отырып, ол 
өзге халықтардың мәдени өмiрiн, олардың ғылымда 
қол жеткiзген табыстарын үлгi-өнеге ретiнде мысалға келтiрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет