52
Кейін механикалық және арнайы өңдеу арқылы те-
ріні жұмсақ, иілгіш, шымыр, су өткізбейтін күйге
жеткізген. Қолмен ұқсатып, табиғи бояулармен бояған.
Илеген
теріден негізінен киім-кешек, тон, ішіктер
өндірілген. Жылқы мен түйе
терісінен саба, торсық,
кісе (ерлерге арналған белдік), ат әбзелдерін т.б. дайын-
даған. Тері өңдеумен негізінен ерлер айналысқан.
5. Киіз басу.
Киіз басу – қазақ халқы арасында кең таралған өнер. Киіз
басумен айналысқан көшпелілер оның технологиясын барынша меңгеріп,
өнер дәрежесіне жеткізген. Көшпелі өмірге қолайлы бұйымдардың бір-
қатары киізден дайындалған. Киізден сырт киім, байпақ тіккен. Үйдің
жа буы мен ішкі жасау-жиһаздарын, өзге де тұрмысқа қажетті заттарды
әзір леуге қолданған.
Киіз басумен негізінен әйелдер айналысты. Тазартылып өңделген жүнді
шиге жаю, ыстық су себу, домалату, білекпен басу т.б. жұмыстар арқылы
киіз қалпына келтірілген. Дайын киізден туырлық, үзік, түндік, текемет,
сырмақ т.б. бұйымдар жасалған.
6. Кілем тоқу.
Дәстүрлі үй мүлкінің бірі кілем тоқылу ерекшелігі мен
ою-өрнектеріне қарай түкті және түксіз (тықыр) кілем болып бөлінеді.
Кілем қарапайым құрылғы өрмек арқылы тоқылды.
Ұлттық ою-өрнек
салынып, қолдан тоқылған кілем өте сапалы бұйым болып саналды.
Киiз басу
анықта!
Киіз басу мен кілем
тоқудың
айырма-
шылығы неде?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17
а
2019
а
217
53
Қазақ шеберлері кілеммен қатар, алаша, сырмақ,
қоржындар да жасаған. Кілем төсеніш ретінде және
әсемдік үшін қолданылған.
XVIII ғасырдағы кілем тоқу ісі туралы көптеген
деректерді кездестіруге болады. Мәселен, Георги
қазақтардың киіз үйіндегі
кілемдер туралы былай
көрсетеді:
«Үйге киіздер немесе кілемдер төселеді...»
Далалықтарда айтарлықтай дамыған кілем тоқу ісі
жайлы
Достарыңызбен бөлісу: