115
Патша үкiметi 1867–1868 жылдары Қазақстан аумағында әкi м-
шiлiк реформа жүргiздi. Оның негiзгi мақсаты сұлтандар тобын өкiмет
билiгiнен бiржолата ығыстырып, жалпы империялық бас қару тәртiбiн
енгiзу едi. Жаңадан енгiзiлген шаралар өлкенi шаруашылық жағынан
отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдiң еуропалық бөлi гiнен қоныс
аударатын шаруа ларды одан сайын көбейте түсуге тиiс болды.
1. Қазақстанда реформа жүргiзудiң себептерi
және оны әзiрлеу барысы.
1822 және 1824 жыл-
дары жүргiзiлген реформалар ХIХ ғасырдың
60-жыл дарына қарай
бiрте-бiрте жарамсыз бола
бас тады. Ресей империясы Қазақстан жерін толық
отар лап, әкімшілік жағынан бағындыруды ойлас-
тырды. Сондықтан да жаңа реформалар жүргiзудiң
қажеттiлігi ту ын дады.
Өлкенiң өзiндiк ерекшелiктерiн зерт теу үшiн
жә не оны басқару туралы ереженiң жобасын әзiрлеу мақ сатымен «Дала
комиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлiк ше неу нiктер мен офицер-
лер кiрдi. Жаңа ереженi жасауға қазақ ақсүй ек-
терi қатыстырылмады.
Достарыңызбен бөлісу: