Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау бiздiң мiндетiмiз.
Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.
Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180–200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман қорының жағдайының күрт нашарлауына, сондай-ақ кеткен уақыттың қателіктері: табиғат пайдалану саясатының кемшіліктері, шапшаң қарқынды шаруашылық жүргізу; табиғат ресурстарын пайдалануда ғылыми негіздерді ескермеу, себеп болып отыр. Көп жылдар бойы елімізде орман қорының көп нысаналы мақсатына қарамастан ол ең алдымен ағаш шикізатының негізгі қайнар көзі ретінде пайдаланып келді. Орман қорының экологиялық мақсаты дұрыс бағаланбай, оны бір жақты пайдалану нәтижесінде, орман қорына орны толмас зиян келді.