Сонымен орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурстары болса да, оны пайдалану қарқыны артып отыруына байланысты орман қорын өсіруге, қорғауға еңбек жұмсауға тура келеді. Сондықтан орман халық шаруашылық зерзатына айналды. Осыған сәйкес орман шаруашылығына жұмсалған барлық шығындар, еңбектің нәтижесі, тиімділігі есептелуге тиіс. Орман қорын тиімді пайдалану, қорғау экономикасы орманды өсіру құнын, қорғау шығындарының тиімділігін анықтауды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық.- Алматы.: Экономика,2006. -480бет.
2. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері.
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы.