Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Сыр өңiрi қазақтарының Орта Азия мемлекет-



Pdf көрінісі
бет94/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

1. Сыр өңiрi қазақтарының Орта Азия мемлекет-
терiне қарсы кү рес ке шығу себептерi.
Арал теңiзi 
маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түс-
кен мемлекеттердiң бiрi Қоқан хандығы болды. 
1808 
жылы қоқандықтар 
Ташкенттi,
1814 
жылы Түр кiс-
танды ба сып алды. 
1818 
жылы қоқандықтардың Ақ-
мешiт бекiнiсi Сырдарияның оң жағалауына көшiрiлдi. 
ҚАЗАҚТАрдың ХІХ ғАСырдың 40–60-ЖылдА-
рыНдАғы ОрТААЗиЯлыҚ ХАНдыҚТАрМЕН 
ҚАрыМ-ҚАТыНАСы
тірек сөздер:
• Жанқожа
Нұрмұхамедұлы
• Есет батыр
• Бесқала
• Хиуа 
• Жасауыл
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


99
Ақмешiт 
бiрте-бiрте сауда керуен жолдары үстiндегi аса iрi әскери 
бекiнiстердiң бiрiне айналды. Ол Таш кент, Бұхара және Хиуадан Троицк, 
Атбасарға, Батыс Сiбiр қа лаларына өтетiн көпестердiң керуендерiн бақы-
лап отырды.
Қоқандықтар Ақмешiт пен басқа да бекiнiстер 
аймағында кө шiп-қо нып жүрген қазақтардан жи-
налатын алым-салық түрлерiн ауырла тып жiбердi. 
Мәселен, әр отбасы жыл сайын салық ретiнде Қоқан 
үкi метiне 6 қой, 4 арба сексеуiл, 1000 бау қамыс 
төлеп тұруға тиiс бол ды. Мұның өзi жергiлiктi тұр-
ғын дардың материалдық жағдайын на шарлата түстi. Бұл мәселенi қоқан-
дықтармен бейбiт жолмен келi сiм жасасу арқылы шешу әрекеттерiнiң 
реті келмеді.
Халық Қоқан хандығының езгісіне қарсы 1821 жылы көтеріліске 
шықты. Көтеріліс Шымкент, Әулиеата, Түркістан қалаларының аумағын 
қамтып, оған Тентек төре атанған Рүстем төре жетекшілік етті. Күштің 
тең болмауы салдарынан көтеріліс жеңілді.
Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерiн Хиуа хандығы да жаса ды. 
Шегара шебiне таяу тұратын қазақтардан зекет, ұшыр 
және басқа да алым-салық түрлерiн жинап алу үшiн 
Хиуа хандығы оларға үнемі әскери жасақтар жiберiп 
отырды. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда жа-
залаушы жасақтар қазақ ауылдарын қырып-жойып, 
тонады. Қа зақтардың әйелдерiн күң, балаларын құл ету үшiн айдап әкеттi. 
Хиуалықтардың қорлығы мен қысымына шыдамаған қазақтардың 
бiр бөлiгi Қарақұм мен Ырғыз өзенi жаққа көшуге мәжбүр болды. 
Хиуалықтар мен қоқандықтардың езгiсiне төзгiсi келмеген Сыр бойы
қазақтары өздерiнiң бостандығы үшін күреске шық-
ты. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен 
қоқандықтарға қарсы, одан сәл кейiнiрек Ресейдiң 
әскери күштерiнiң орналаса бас тауына қарсы ұлт-
азаттық күресiн халық арасынан шыққан белгiлi 
батыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет