112
лен, Ресей әскерлерi Түркiстан қаласына жа саған
шабуыл
кезiнде қала қатты қирады. Патша үкiме тiнiң әскерлерi
онымен де қоймай, бүкiл мұсылман қауымының қа сиеттi
жәдiгерi
Қожа Ахмет Ясауи
кесенесiн зеңбiрекпен ат-
қылады. Генерал өзiнiң осы iс-әрекетiмен Ресейдiң қол астына жа ңадан
қараған халықтың арасында үрей туғызуды, сөйтiп, олар ға орыс қару-
ының күшiне «құрмет» бiлдiрудi үйретпек болды. Ресей солдаттарының
шектен шыққан жүгенсіздігі Шымкент, Әулиеата және Сайрам қалаларын
басып алу ке зiнде орын ал ды. Шоқан
Уәлихановтың және бiрқатар
прогресшiл орыс офи церлерiнiң генерал
Черняевтен бөлiнiп кетуiнiң
себебi осы жағдай едi.
Түркiстан мен Шымкент басып алынғаннан
кейiн Орынбор және
Сi бiр шептерi бiр-бiрiмен жалғасты. Қазақстанды Ресей империясы ның
құрамына қосып алудың ұзаққа созылған күрделi
әскери-отаршылдық
үрдiсi осылай аяқталды. Қазақстанның оңтүстiк-шығыс және оңтүстiк
аймақтарын әскер күшiмен қосып алу патша үкiметi нiң бұдан былайғы
соғыс қимылдарын Орта Азия мемлекеттерiнiң
аумағында одан әрi
жалғастыра түсуiне кең жол ашты.
Оңтүстiк өңiрдi жаулап алумен қазақтың дәстүрлi соты ның жү й е сiне
өзгерiстер енгiзiлдi. Халық соты дiни қайраткерлердiң, яғни
қазы лардың
ықпалында бо латын. Қазыларды сайлау, ең алдымен, оның
шариғатты
(мұ сыл мандық құқықты) қан шалықты бiлу дәрежесiне байланысты едi.
Дiнба сы ларының өлке халқына ықпалын шектеу үшiн патша үкiметi
қазыларды сайлап қою тәртiбiн енгiздi.
Өлкенiң Ресей им пе риясының құ рамына өтуi алым-салықты күшей -
тiп жiбердi. Бүкiл жиналған алым-салық былайша бөлiндi: үштен бiрi аза-
мат тық өкiмет билiгiн ұс тауға, ал үштен екi бөлiгi таза әскери мақсаттар ға
жұмсалды.
1867
жылы Жетiсу ка зактарының әскерлерi құрылды. Жетiсу өлкесiне
қоныс аударған әрбiр ер адамға 30 десятинадан жер телiмi берiлдi. Олар
15 жылға әскери қызмет атқару мiндетiнен босатылды. Сондай-ақ олардың
әр қайсысы 100 сом мөлшерiнде ақшалай қарыз алып отырды.
?
1. Картадан Ресей империясының Қа зақ стан аумағында басып алған қалаларын
көрсетіңдер. 2.
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі күні өз
тәуелсіздігімізді одан әрі
нығайту үшін не істеуіміз керек?
Достарыңызбен бөлісу: