123
ашық тан-ашық күштi наразылық танытты. Үкiметке қарсы көтерiлiс жа-
сайтын жағдай пiсiп-жетiлiп келе жатты. Көтерiлiс күтпеген жерден бұрқ
ете қалып, 1868 жылдан 1869 жылға дейiн созыл ды. Ол отаршылдыққа
қарсы айқын сипат алды.
Көтерiлiстiң басы-қасында iрi рубасылары жүрдi. Қазақтар үкi-
меттiң жiберген комиссияларын қабылдамады. Көтерiлiсшiлер үкi мет
билiгiне бағынудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Халық қарулана бас тады.
Олар басқарудың жаңа ережелерiн енгiзуге, елдi Ресей ше неунiктерiнiң
басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгi ескi тәртiпке қайтып
оралуды талап еттi.
Ашу қысып, зығырданы қайнаған елдi басу үшiн патша үкi метi
бұрынғы ел билеген сұлтандарды араға салып көрдi. Бiрақ халық олардың
сөзiне құлақ аспады. Қайта олардың өзiн елдiң көзiнше мас қара еттi. Ендi
үкiмет билiгi мұсылмандардың Уфа губерниясында ғы дiни басшылығына
қолқа салды. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртiп қазақтар ды
шоқындырады, әскер қатарына алып, алым-салық түрлерiн еселеп арт-
тырады екен деген қауесет тарап кеттi.
Жаңа ереженiң қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ
даласына үстi-үстiне жiберiлiп жатқан комиссиялар оны ауызекi түрде
айтып түсiндiре алмады.
Әуелi Орал облысында басталған толқу бiрте-бiрте
көршiлес Тор ғай облысын да қамтыды. Қазақтардың
600–700 адамнан тұратын
жасақтары ауыл-ауылды
аралап, патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне бағынбауға,
басқарудың жаңа тәртiбiнен бас тартуға шақырды.
Қазақтарды бейбiт жолмен тыныштандырудың сәтi түспедi, ол ешқандай
нәтиже бермедi.
Мамыр айында Жайық бойындағы
қазақ даласына жазалаушы әс-
кери отрядтар жiберiлдi. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат,
бiрқатар зеңбiрек болды. Әскери қақтығыс орын алып, қантөгіске ұласты.
1868
жылдың мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон
Штемпельдiң құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына ша буыл
жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отряд ты жетi күн
бойы қоршап, тырп еткiзбедi. Сөйтiп, жемшөбi мен азық-түлiгi қалмаған
жазалаушылар керi қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған
жазалаушы әскер де Орынбор шегара шебiне шегiнiп кеттi.
Достарыңызбен бөлісу: