126
патша үкiметi жүргiзген реформалардың әлi
аяқталмаған сипаты бар екенiн дәлелдеп бердi.
Реформаларды одан әрi жалғастыру қажет-
тiлігi басқа да себеп тер ге байланысты болды.
Қазақстанның үш
генерал-губер наторлыққа
бө лiнуi Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi ша-
руаларды Қазақстанға
кө шiруге байланысты
мәселелердi жедел әрi жүйелi түрде шешуге
мүмкiндiк бермедi.
Орта Азияны Ресей им-
периясына әскер күшi мен қосып алудың сәтi
түстi. Мұның өзi орасан зор кең-байтақ аумақ-
ты
басқаруды, қайта құруды және қаржы
мәселесiн үнемдеудi та лап еттi. Патша үкiметi
бұл мiндеттi қазақ өлкесiн Ресейдiң өзге бө лiктерiмен бiрте-бiрте бiрiктiру
арқылы шешудi жоспарлады. 1867–1868 жылдардағы ережелердiң әуел
баста-ақ уақытша, яғни өт пелi сипаты болып едi.
1882 жылы Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құ ра мына
Қазақстанның Ақмола, Семей, Жетісу облыс тары түгел кiрдi. Жаңа
аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласы болды. Орал және Торғай
облыстары тiкелей Iшкi iстер министрлiгiне ба ғындырылды.
ХIХ ғасырдың 80–90-жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар Қазақстанда
отаршылдық билiктiң рөлiн күшейттi. Генерал-губернаторларға шексiз
өкiлеттiк билiк берiлдi. Бұдан «бөлiп ал да, билей бер» деген
империялық
пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтiп, бұрынғы бiртұтас Кiшi жүз ендi үшке
Достарыңызбен бөлісу: