67
ган – рас правалардың құрылуы сұлтан дар-
ды Кiшi жүз қазақтарын билеу жүйесiнен
шет те туде елеулi рөл атқарды.
Бұл жағдай сұлтандардың патша үкi-
метiне қарсы наразылығын кү шейттi. Өйт-
кенi олар өздерiнiң артықшылықтарынан
айырыла бас таған болатын. Сөйтiп, Кiшi
жүзде өкiмет билiгiн жүзеге
асыру мә се -
лесi жөнiнде
сұлтандар мен старшындар
арасындағы күрес одан әрi жалғаса түстi. Сырым батыр патша үкiметiнiң
ықпалынан бiржолата шы ғып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бас-
тады. Бұл әрекет патша үкiметiне мүлде ұнамаған еді. Игельстромның
реформасы iске аспай қалды.
Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әс кер,
азық-түлiкпен көмектесу жөнiнде келiссөз жүргiздi.
Көтерiлiс жеңiлiп
қалған жағдайда көшiп-қонып жүру үшiн Хиуа хандығының бiр шетiнен
мал жайылымын беру жөнiнде өтiнiш бiлдiрдi.
Пат ша үкiметi
қазақтардың Едiл мен Жайық
аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құ қық-
тарына шек қоюға тырысты. Мұның өзi бұл аймақ-
тағы қарама-қарсылықты күшейте түстi.
Қазақтар
Орал шегара шебiндегi бекiнiстерге шабуыл жасауды
жиiлетiп жi бердi.
1792
жылы С. Датұлы құрамында 1000 сарбазымен
Елек
қор ға нысына
шабуыл жасады. Содан соң Крас-
ногорск бекiнiсiн бiр ден лап қойған шабуыл арқылы
алмақ болды. Бiрақ мықтап ны ғай тылған бе кiнiс пен
жақсы қаруланған қорғанысшыларға тап болған көтерiлiсшiлердiң жос-
пары жүзеге аспай қалды.
Достарыңызбен бөлісу: