Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет70/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

Әкімшілік құрылым
Әкімшілік бірліктердің 
 
басшылары
Сайланған мерзімі
Округ
Аға сұлтан
3 жылға
Болыстық
Болыс
3 жылға
Ауыл әкімшілігі
Старшын
3 жылға
4. Сыртқы округтердегi сайлау тәртiбi. 
Ауыл 
старшындарын көш пелiлердiң өздерi сайлайтын және 
оларды бұл лауазымды қызметке округтiк мекеме 
бекiтетiн. Сайлау үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. 
Сұлтандардың қатарынан сайланатын болыстар 
өзде рiнiң қолындағы өкiмет билiгiн балаларына мұра етiп қалдыру құ қы-
ғын иелендi. Билiктiң ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргiзiлдi. Кейiнгi 
кездерде болыстық қызметке сұлтан емес, қарапайым 
қа зақ тардың да сайлануына рұқсат етiлдi. Бiрақ ондай 
адамдардың пат ша үкiметiне сiңiрген еңбегi зор болуы 
тиiс едi. Сол арқылы патша үкi метi Шыңғыс әулетiн 
билiк құрылымынан бiрте-бiрте шет тете бастады. 
Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздерi, ал оның 
екi заседателiн билер мен старшындар ғана сайлайтын. 
Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдерi 
екi жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық бас-
қарма бастығының бекiтуiнсiз өз өкiлеттiгiн жүзеге 
асыруға кiрiсе алмайтын. Бұл далада билік етіп кел-
ген Шыңғыс ұрпағын құрмет тұтатын қазақтардың 
қарсылығына ұшырамас үшін жасалды. 1854 жылдан 
бастап аға сұлтандыққа шыққан тегi Шыңғыс әулетi 
емес адамдар да сайлана алатын болды.
5. Округтiк приказдың негiзгi мiндеттерi.
Округтiк 
приказдың қа таң белгiленген мiндеттерi болды. Атап айтқанда, округтегi 
ха лықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; халыққа бiлiм беруге қам қор лық 
жасау; тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұ мыстарын жақсарту; 
Кестені қандай 
мәліметтермен 
толықтыруға болады?
есіңе түсір!
Шыңғыс әулеті 
деген кімдер?
ойлан!
Аға сұлтандыққа 
неліктен Шыңғыс 
әулетінен шықпа-
ған адамдар да 
сай лана алатын 
болды?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


74
қарақшылық тонауға, барымтаға және өкi мет билiгiне 
бағынбау әрекеттерiне тыйым салу; өз бетiмен ке тiп, 
озбырлық жа сауға жол бермеу; тергеудi және сот 
iстерiн әдiл жүргiзу; дiни наным-сенiмдерге байланыс-
ты мәселелерді шешу; сауда ке руенiнiң жүрiс-тұрысын бақылау және 
олардың қауiп сiздiгiн қамта масыз ету; сондай-ақ жасақ (алым-салық) 
жи нау. Округтiк приказ, сонымен қатар егiншаруашылығын дамытуға 
да қамқорлық жасауы тиiс болды.
Округтiк приказдың басты қызметiнiң бiрi сот iсiн жүргiзу едi. Бiрақ 
бұл өте тиiмсiз болып шықты. Округтiк соттарға шағымданып келушiлердiң 
қатары сирек болды. А. Гейнстiң айтуынша, 
«при каз дардың сот жүргiзу 
iсi ұзақ уақытқа созылып, еш нәтижесiз аяқ талды. Ал билер соты дау-
лы мәселенi жылдам және әдiлдiкпен ше шiп отырды. Сондықтан билер 
сотына қазақтар ғана емес, соны мен қатар әртектiлер мен казактар 
да үлкен құрметпен қарады»
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет