2. 1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде
Бөкей хан мен
Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан
хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр
генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры
I Александрдiң жарлығымен бекi тiлген
«Сiбiр қырғыздары (
қазақта - ры. – авт.)
туралы Жарғы » күшi не ендi.
Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты
мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн
бiржола жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны
мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiк-
шығыс ай мақ тарын iс жүзiнде Ресей империясына
қосып алып отарлауға ба ғытталған болатын. Сөйтiп,
әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқару жүйесi
түбiрiмен өзгертiлдi.
Орыс ғалымы Н. Коншиннiң айтуынша,
«Сiбiр әкiмшiлiгi ор талық үкiметтiң нұсқауымен Дала өлкесiне қазақтарды жаңа құрылымды қабылдауға көндiру үшiн арнайы агенттер жiбере бастады». 3. Басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу. Басқарудың
округтiк жүйесi ен-
гiзiлетiн болды. Сөйтiп, жаңа округтер құрылды. Округтер
болыс тарға бөлiндi, ал болыстар
ауыл әкiмшiлiктерiнен тұрды. Әр округте 15–20
болыс, әр болыста 10–12 ауыл, ал әр ауылда 50–70 үй болатын болды.
Сыртқы округтегiлер
Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.
) облысына бiрiк тiрiлдi. Жаңа әкiмшiлiк бiрлiгi орасан зор аумақты алып жатқан
Омбы облысының құрамына кiрдi. Томск және Тобыл губерниялары мен
Омбы облысы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы на бағындырылды. Оның
орталығы Тобыл қаласында орналасты.
Округтердi сайланып қойылатын
аға сұлтандар, болыстарды
бо лыс- тар , ал ауылдарды – ауыл
старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен
ауыл старшындары әкiмшiлiк, шаруашылық және поли цейлiк қызметтердi
қоса атқарды.
Әр округте аға сұлтан басқаратын
Округтiк приказ (мекеме) құ-
рылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы таға йындайтын
ресейлiк екi заседатель және сайланып қойылатын екi «құрметтi қазақ»
қатысуға тиiстi болды.
Iшкi күзет Сiбiр казактарынан iрiктелдi.
ізден! Арнайы агенттер
өз мақсатына жету
үшін қандай амал-
дарды пайдаланды?
Неліктен Қазақстанда
ХІХ ғасырдың 20-жылда-
рында әкімшілік рефор-
малар жүргізілді?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
73
Басқарудың жаңа тәртiбi мен әскер күшiнiң енгiзiлуi аға сұлтандар
билiгiне шектеу қойды. Аға сұлтанның билiгi елде тек сөз жүзiнде ғана
қалды.
1822 жылғы реформа бойынша
Орта жүздің әкімшілік құрылымы мен басқару жүйесі