Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


? 1. Кенесары көтерілісіне қатысты тұлғаларға сараптама жасаңдар: Жақтаушылар Қарсы шыққандар Манап



Pdf көрінісі
бет93/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

?
1. Кенесары көтерілісіне қатысты тұлғаларға сараптама жасаңдар:
Жақтаушылар
Қарсы шыққандар
Манап 
– қырғыздың ақсүйек рубасылары.
Ағыбай Қоңырбайұлы
(1802–1885) – атақты батыр, әскери қолбасшы, Кенесары 
Қа сымұлының жақын серiктерiнiң бiрi. Арғын тайпасының шұбыртпалы руынан 
шыққан. 
Наурызбай батыр Қасымұлы
(1822–1847) – сұлтан, батыр, Кенесары Қасым-
ұлының туған бауыры және ең жақын серiгi.
Сыздық сұлтан
(1837–1910) – Кенесары ханның ұлы. ХIХ ғасырдың 2-жарт ы-
сындағы ұлт-азаттық көтерілістің қайраткерi. 
иман дулатұлы
(1780–1847) – батыр, Ресей отаршылдарына қарсы шыққан 
көтерiлiс қайраткерi, Амангелдi Имановтың атасы. 
Бұқарбай Естекбайұлы
(1822–1898) – батыр, шешен, Кенесары көтерілісіне 
алғашқылардың бірі болып қатысқан.
1. «Кенесары жас кезiнен батылдығымен және ержүректiгiмен ерекше-
ленген. Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеушi бола бiлдi. 
Оның жасағы рухының жоғарылығына еуропалық әскердiң қай қолбасшысы 
да қызғана қарайтындай едi. Шабуылдары кезiнде сондай жылдам, бейне бiр 
жолындағының бәрiн күйрететiн дала дауылы сияқты. Алдында қандай кедергi 
болса да өршелене түсетін, ойлаған мақсатына жету жолында кездескен 
барлық тосқауылдарды топан судай жайпап түспейінше тоқтамайтын
қиындық күшейген сайын екпіні де артатын. Кенесарының бойындағы осы 
қасиеттерiн көшпелiлер жоғары санайтын және оның серiктерiнiң жүректерi 
өз қолбасшыларына шексiз, жанқиярлық сенiммен соғатын». 
Хан Кене. Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы, 1993, 304-бет.
*
ізден!
«Наурызбай-Қан-
шайым» дастанын 
оқып шығыңдар.
7–3467
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


98
2. «... Кенесары бүкiл ауыл-аймағымен Iле өзенiн бойлап, Қытайдың iшкi 
жағына қарай беттедi. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдай мендi 
Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және Сайдаққожаны тоғыз тұлпар 
сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiп-қонып жүруге рұқсат 
сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi қытай шенеунiгiмен 
және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қы тай жағының Кенесарыны 
қамқорлығына ала алмайтынын айтты, оның келген жағына қайта барып, ақ 
патшадан кешiрiм сұрауына кеңес бердi. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында 
сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы кел мейтiнiн мәлiмдедi...» 
Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы 
30 қазандағы құжат.
1. Кенесары ханға қандай мiнездеме берiлген? 2. Кенесарының жiберген 
елшiлерi Қытай шебiнде қандай мiндет атқарды? 3. Қытай Кенесарыны 
және оның әскерлерiн өз жерiне жiберуден неге бас тартты?
Бүгінгі сабағымызда Орта Азия хандықтарына қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-
салдарын анықтаймыз. Көтеріліс басшыларының рөліне баға береміз.
§27–28.
Ресей әскерлерiнiң Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығыс 
аумақтары арқылы iлгерi жылжи түсуi, Хиуа мен Қоқан хандықтары 
тарапынан үнемi шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс 
озбырлықтары мен шұрайлы жерлердi тартып алуы жергiлiктi қазақ 
халқының көтерiлiске шығуына себеп болды. Көтерiлiстерді халықтың 
ерекше құрметіне бөленген батырлар Жанқожа Нұрмұ-
хамед ұлы мен Есет Көтiбарұлы басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет