Білімділік: Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу.
Дамытушылық: 1837–1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын қортындылай келіп, түйіткілдерді сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендері талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.
Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.
Әбілқайыр
(1680-1748)
1726 жылы Ордабасындағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланады.
Абылай хан (1711-1781)
Абылай хан, Әбілмансұр – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай 20 жасында хан майданда ерлігімен танылады. 1730 -1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға “Абылайлап” шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылады, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. 1771 жылы Абылай Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді. Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ халқының ханы деп ресми түрле таныса, оның беделінен сескенген Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде ғана құрмет көрсетіп отырған. Қазақ Ордасын бөлшектеуді көздеген. Бұл кезеңде Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырады.
Сырым Датұлы (1712-1802)
Кенесары Қасымұлы
(1802-1847)
Кенесары Қасымұлы – хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы.
Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.
Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатысының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.
Тест тапсырмалары
1836 ж. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген хан:
А) Қоқан ханы В) Хиуа ханы С) Бұқар әмірі
D) Ташкент билеушісі Е) Ноғай ханы
2. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасына әсер еткен: