Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет128/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

2. Тұз, мұнай және алтын өндiру.
Тұз Батыс Қазақстанның Бас құн шақ, 
Елтон және Елек кәсiпшiлiктерiнде, Қазақстанның солтүстiк-шығысындағы 
Қосым Пiшенбаев
Қазақстанның өнер-
кә сіптік дамуы қалай 
басталды?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


138
Коряков көлдерiнде өндiрiлдi. Ол өлкенiң өзiнде тұз 
өнімін тұ тыну және Қазақстаннан тыс жерлерге 
шығарып сату үшiн де өндi рiлдi. Мәселен, Коряков 
өндіріс орнынан ғана 4 мил лион пұтқа жуық тұз алын-
ды. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс iс тедi. Олардың басым көпшiлiгi 
қазақтар болды. Коряковте өндiрiлген тұз негiзiнен Батыс және Шығыс 
Сiбiрге, сондай-ақ Обь өзенiндегi балықшаруашылығына жөнелтiлiп 
отырды.
Мұнай өндiру iсi шетелдiк кәсiпкерлердiң, ең алдымен ағылшын-
дардың қолында болды. Доссор және Жем өзенiнiң бойында мұнайды 
көп мөлшерде өндiре бастады. Ше телдiк компаниялар орасан зор көлемде 
пайда тапты. 
Бiрiншiден,
олар мен бақталас бәсекелестер болған жоқ. 
Екiншiден,
жергiлiктi қа зақ хал қын арзан жұмыс қолы ретiнде пайда-
ланды. 
Үшiншiден,
ағыл шындар мұнай көздерiн барлау және өнiм өндiру 
кезiнде еле улi жеңiлдiктердi пайдаланды. 
Төртіншіден,
батыс елдерінің 
бан к терінен тиімді түрде несие алды. Ал жергiлiктi халыққа ешқандай 
да ақы тө ленген жоқ. Осы себептерден шетелдiк компаниялар тез ара да 
ба йып алды.
Тау-кен өнеркәсiбiндегi пайдалы саланың бiрi алтын өндiру болды. 
Алтын өндiрушiлердiң арасында орыс және татар кәсiпкерлерi басым 
едi. ХХ ғасырдың бас кезiнде Өскемен уезiнде алтын кенi қа зылатын 50 
кенiш болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет