Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет9/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

Цеван-раб-
тан
 өз әскерiнiң қалың қолын Қазақстанға қарай 
аттандырды. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшы раған 
Жетiсу  мен  Ертiс  бойының  қазақтары  болды.  Жоңғарлар   ауылдарды 
өртедi, малды айдап әкеттi, бейбiт халықты аяусыз қырып салды. Өйткенi 
жоңғарлардың  шабуылы  тұтқиылдан  басталған  болатын.  Сондықтан
 
амалы қалмаған қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүлiктерiне 
де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.
Жау  әскерiнiң  сан  жағынан  тым  басым  болғанына  қарамастан,  қа -
зақ жауынгерлерi тегеурінді қарсылық көр сет  тi. Жау қолына ешкiмнiң 
де  берiлгiсi  келмедi.  Әр  қазақ  өзiм нiң  туған  жерiмдi,  туған-туыстарым 
мен  жақындарымды  жауыз  дұш паннан  қорғауға  мiндеттiмiн  деп  ұқты. 
Жауынгерлер шегiне түсiп, қорға ныс соғыстарын жүргiздi. Олар әйелдердi, 
балаларды, қарт  тар ды жау дың өкшелеп қууынан құтқару үшiн қырғын 
соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының 
басшылығымен  қаланы  жаудан  бiр  ай  бойы  дерлiк  қорғады.  Жоңғар-
Ақтабан шұбырынды. 
М. Қаспақтың суреті
Суреттегі оқиғаға қатысты 
негізгі деректерді пайдалана 
отырып, әңгіме құрастыр.


11
лар  Ташкенттен  кейiн  Сайрам,  Түркiстан 
сияқты  басқа  да  қалаларды   басып  алды. 
Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүр-
гiзуi нәти же сiн де Қазақ станның шөлдi және 
таулы аймақтарынан өзге бүкiл аума ғы iс 
жү зiн де  жоңғарлардың  қолына  қарады. 
Салыстырмалы түр  де ал ған да Қазақстанның 
батысындағы  алыс  аймақтар  ғана  аман 
қалды. 
Бұл тарихи оқиға Шәкәрім Құдайберді-
ұлының «Қалқаман-Мамыр» дастанында былайша суреттеледі:
Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, 
Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл. 
Қалмақтың бастаушысы – Суан Раптан,
Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл. 
Шеп құрып соғысыпты қазақ, қалмақ, 
Қорқаққа оңай емес шепке бармақ. 
Бабаңның бес баласы садаққа ұшып, 
Бұл соғыста қазаққа түсті салмақ.
Қазақты ол ұрыста қалмақ алды
Үш есенің екеуін қырып салды. 
Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында, 
Арқаға қазақ ауып кетіп қалды. 
Осы жол – бар қазаққа белгілі жол
«Ақтабан шұбырынды» дегенің сол. 
Жаяу жүріп табаны аппақ болып,
Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.
Бұл  кезең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет