ҰлыбританиядағЫ Қазақ тілінің ҚҰдіреті тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі



Дата28.01.2018
өлшемі36,85 Kb.
#35026
М.Тынышпаев атындағы

ҚазККА Ақмола колледжінің

Қоғамдық пәндер оқытушысы

Даурамбекова Айгерим Кабдуллаевна




ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰДІРЕТІ
Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі,

ұлттық салт-сана өзегі

Бауыржан Момышұлы
Қазақ халқының елеулі бір бөлігі қазіргі ҚР шекараларынан тысқары жерлерінде тұрып жатыр. Батыс Европаның бірқатар елдерінде да Қазақ диаспорасына жататын көптеген топтар өмір сүріп келеді. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң аймағынан 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балаларынан құралады. Олардың келешегі бір шағын тобы болса, ашаршылық жылдары Қазақстаннан Ауғанстанға босқан 1980 жылдардың басында тағы Түркия арқылы Батыс Европа елдеріне келіп қоныс тепкен қазақ отбасылары мен олардың ұрпақтарынан тұрады. Батыс Европаның түрлі елдерінеде тұратын сол қазақтар өздерінің ана тілдерін, ұлттық қасиеттерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін сақтап қалу. Болашақ ұрпақтарға жеткізу үшін 10 қазақ орталығын құрып, солардың айналасына топтасқан осы қазақ орталықтары өзара байланыстарын, жұмыстарын, белгілі бір жүйеге келтіріп, үйлестіріп отыру мақсатына орай Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы деген бір шағын ұйымды құрған.

Европадағы қазақ орталары европада тұратын жаңа буын қазақтарының қазақша үйренуі үшін қанша талпынған мен, қанша күш жұмсағанымен кездескен қиындықтарды жеңіп шыға алай отыр. Қазақ тілін оқытатын курстар ұйымдастыру және онда жұмыс жасайтын сапада мұғалімдер тауып, бұл жұмыстарды қаржыландыру үшін тиісті демеу-қостауларға жету сол қиыншылықтардың ең бастылары қатарында орын алады. Кейбір Европа қалаларында ҚР дипломатиялық өкілеттері қызметкерлерінің демеуімен ұйымдастырылған қазақша курстардың табыс деңгейі де шамалы болып қалып жүр. Мысалы: Германияның Мюнхен қаласындағы қазақ қоғамы өткен оқу жылында бірнеше ай бойы аптасына бір рет қазақша сабақ жүргізу жұмысын ұйымдастырды. Бұл сабақтарға қызығушылық көп болып оған балалар, жастар, тіпті ересек кісілер де қатысып жүрді. Қазақстанның Мюнхеньдегі консулының жұбайы кирилл әліппесінен бастап, қазақша тілінің негізі ерекшеліктерін оқушыларына үйретіп келді. Бірақ, онда әсіресе бастауыш мектептердің бірінші сыныбына арналған қазақша оқу құралдары және жазу дәптерлері керек болды. Бұл жағдай биыл мамыр айында Норвегияның астанасы Ослода өткен Европа қазақтары Кіші Құрылтайында Қазақстаннан келген кей үкімет адамдарының және кітаптарға қоса, қазақша кино фильмдері, театр қойылымдары, күлдіргілер, теледидардағы ән-күй, концерт бағдарламаларының көшірмелері көптеп жіберіліп, таратылып тұрса деген сұраныстар бар. Бұлар шетелдердегі қазақтар арасында ана тілге деген ынтаны одан ары күшейте түсер еді. Ана тілге шорқақ болса да, бүтіндей білмесе де Европада тұратын қазақ жастарының көбінде «Қазақстан тарихи ата-жұртымыз» деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан Европа елдерінде туып-өсіп, орта және ЖОО білім алып жатқан қазақ қазақша біліп, үйренуге деген ынта жоғары деп айтуға болады. Сол себепті, жазғы демалыстарда диаспорадағы қазақша үйренгісі келетін жастарды топтарға бөліп, Қазақстанның ауылды жерлеріне жіберу шаралары ұйымдастырылса дейміз. Бұл арқылы жастар бірнеше айға болса да, әрі аздап қазақша үйреніп, әрі салт-дәстүрлерді біліп, ата-жұртқа деген ынта ықыластары артып қайтар еді. Ал жоғары оқу орындарын бітірген университеттерден мамандығын алған жастарды қалаулары бойынша Қазақстанда ұзағырақ тұрып, қазақша тіл курсына барып, ата-жұрттарын әбден танып-біліп қайтуларына да жағдай жасауға болады. Шет елде туып-өскен, тұрған елдерінің тілін, ерекшеліктерін жақсы білетін, әрі бірнеше тілде сөйлейтін ондай жастарды бауырға тарту Қазақстан тұрғысынан да тиімді болар еді. Олар Қазақстан мен шет елдер арасында мәдени және экономикалық байланыстарды тереңдетулеріне өз үлестерін қоса алар еді. Қатарға қосылып мүмкіндік берілсе бұл жастар Қазақстанның үкіметтік орындарының да, жеке кәсіп орындарының да кәдесіне жарар еді деп айтуға болады. Қазақстанда оқу әселесіне келер болсақ, шетелдерден барып Қазақстан университеттерінде оқып жатқан жастар баршылық. Бірақ олар Қазақ университеттеріне шет елдік ретінде қабылданып, ақша төлеуге мәжбүр болып жүр. Диаспорадан барған ондай студенттердің кейбіріне қандастар ретіде жеңілдіктер жасалып, мемлекеттік гран берілсе деген талаптар да баршылық. Бірақ бұл туралы сұраныстарды қанағаттандыру барасында кейбір кедергілер бар көрінеді. Дегенмен диаспора қазақтарының балаларын шетелдіктер қатарына жатқызу, оларға мемлкеттік грант бермеу, шет елден ата-жұртқа барып білім алғысы келетін қазақ жастарының ынтасын тежері хақ. Қорытып айтқанда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген аталы сөзде айтылғандай, бұл қиыншылықтарды ретке келтіру үшін Европадағы қазақ орталықтары шама шарық жеткенше бірге жұыс істеуге күш салып жатыр. Сондықтан Европадағы қазақ қоғамдары өзара ынтымақтарын нығайтып, іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру және үйлестіру үшін Европа Қазақ Федерациясы деген бір орталық құрып та үлгерді. Олар шетелдердегі қандастар арасында қазақ тілін, қазақы қасиеттерді, ұлттық мәдени құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап қалу, оларды болашақ буындарға қаз-қалпында жеткізу үшін бірікті, берекені және елдікті сақтауға, сонымен қатар «ата-жұрт» Қазақстан мен барлық салаларда байланыстарды нығайтуға тырысып келеді. «Қалауын тапса қар жанады» дегендей, мәселелер шешіліп, аталған жағдайлар ретке келсе, Европадағы қазақтар социологиялық атаумен «Культуртрагер» яғни, Европа елдеріне қазақ мәдениетін апарушылар ретінде маңызды ролге ие бола алар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет