Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет93/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
230
– эксперимент, ізденіс нәтижесінде шынайы мәліметтерді қалай, қан-
дай жолмен алуға болады? 
Осының барлығы ғалым-дидактардың оқыту мәселесін зерттеуі ба ры-
сындағы жалпы көқарастарын анықтайды. Олар зерттеудің әдіснамасы мен 
әдістемесі түрінде көрінеді. 
Таңдалған зерттеу нысаны мен пәніндегі қарастырылып отырған мә-
се ленің өзектілігін пайдалана отырып, оның мақсатын анықтауға болады. 
Зерттеу мақсаты әртүрлі әрекеттердің белгілі бір тетігі «мақсат – құрал – 
нәтиже» болып табылады. Мақсат – сезінілген бейне, пайдалы нәтиже, оған 
міндетті түрде қол жеткізеді. Ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз ло-
гикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу үдерісін сипаттаңыз.
2. Ғылыми нәтижелерді сынақтан өткізу мен практикаға енгізудің жолдарын тү сін-
діріңіз.
3. Өз зерттеуіңіздің нәтижелерін практикаға ендіру бағдарламасын ұсыныңыз.


231
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
4-ТАРАУ
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ 
ӘДІСНАМАШЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ 
КӘСІБИ ПОРТРЕТТЕРІ
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
Ғылыми мектептердің феномені негізінен ғылымтанудың, ғылым 
тарихының, әлеуметтік психологияның зерттеу пәні болып келді. Педа-
гогикада «ғылыми мектеп» түсінігі әдетте сол мектеп жасаған теорияны 
қарастыруға байланысты туындады. Ғылыми мектептің өзі осыған дейін 
педагогикалық зерттеулердің нысаны ретінде мойындалған емес. Қазіргі 
уақытта ғылымдағы жеке шығармашылық туралы түсінік өзгерді. Жеке 
ғылым «ұйымның адамына» айналды. Әдебиетте талдау бірлігі ретінде 
ғылымда тұжырымдамалық деңгейде біріккен және жаңа білім алуға ұм-
ты лыстағы ғылыми ұжым алынатын болды. Соңғы жылдары кандидаттық 
және докторлық диссертациялардың сапасы мәселесінің өзектілігіне орай 
ғылыми зерттеу жүргізуге және ғылымдар даярлауға көптеген еңбектер ар-
налуда. Ғылыми білім беру негізінен ғылыми мектепте жүзеге асады. 
Ғалым В.С. Леднев ғылыми білім беруді негізгі саланың бірі ретінде 
қарастыра отырып, ғылыми жетекшілерді арнайы педагогикалық даяр-
лау дың қажеттілігін негіздейді. Ол диссертациялық зерттеулерге же тек-
шілік ету педагогикалық іс-әрекеттің ең күрделі түрі деп есептейді. Зерт-
теу ші әрекеттің сипаты одан арнайы эксперименттік және теориялық, ма-
тематикалық, логикалық, философиялық-әдіснамалық, этикалық-адам гер-
шілік даярлықты қажет етеді. Сондықтан да ізденуші зерттеу әдістемесін 
ұзақ және түрлі қиындықтарды жеңу арқылы игереді. Демек, зерттеушінің 
қалыптасуына ғылыми жетекшінің, ғылыми мектептің ықпалы зор деуге 
болады.
Сонымен, ғылым – бұл қазіргі әлемге керек ойлау, ғылыми әдістен 
туындайтын адами құндылықтар. Осыдан тәлімгерлік идеясының өзі де 
түсінікті. Егер дәріс оқитын профессордың міндеті, алдымен білімдер эта-
лонын қалыптастыру болса, ал тәлімгердің (ғылыми жетекшінің) рөлі – 
ғылыми құндылық бағдарларын көрсету, білім беру барысында студенттің 
ойлауының ғылыми стилін қалыптастыру. Тәлімгер өз оқушысымен бірге 
жұмыс істей отырып, мынадай бағыттарды іске асырады:
– ғылыми қауымдастықтың құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жет-
кізіп отыру;
231


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
232
– білім берудің қазіргі бағыттарына ықпал ету;
– тәлімгердің өзін-өзі жүзеге асыруы мен түрлі ұрпақтар өкілдерінің 
өзара бірін-бірі оқытуының қалыптасуы.
Сондай-ақ тәлімгер идеясының дамуы ғылымның қазіргі өмірдегі рөлін 
терең сезінуге жағдай жасайды. Осы тұрғыдан қарағанда педагогикада
П.Я. Гальпериннің, Л.В. Занковтың, В.В. Краевскийдің, В.А. Сластениннің 
ғы лыми мектептері теориялық деңгейде жинақтауды қажет етеді. Қазақ-
станда Р.Г. Лемберг, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, А.П. Сейтешев, Б.К. Мо-
мынбаев, Г.Қ. Нұрғалиева, М.Ә. Құдайқұловтың ғылыми мектептері таны-
мал. Бұл үшін олар дамытқан идеяларды ғана емес, ғалымдарды даярлау 
жүйесін де қарастырған жөн.
Ғылыми мектептер негізінен ғылыми-зерттеу ұйымдарында қалып тас-
ты. Жеке алғанда КСРО Педагогиканың теориясы мен тарихы институты 
1944 жылы құрылды да, жетекші ғылыми мекемеге айналды. Оның тарихы 
ғылыми мектептердің негізін құрайтын танымал академиктермен тікелей 
байланысты. Институтта педагогика мен білім беру саласында іргелі зерт-
теулер жүргізілді, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлар 
өткізілді, білім беру ұйымдарының базасында эксперименттік алаңдар 
жұмыс істейді, халықаралық ынтымақтастықтар орнатылды.
Педагогика әдіснамасының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес 
қосқан жетекші ғалымдар мен ғылыми мектептерге сипаттама беру қажет.
Педагогика әдіснамасының негізін салушылардың бірі М.А. Данилов 
болып табылады.
Данилов Михаил Александрович (13 (25). 4.1899, 
Васильевщина деревнясы, Псков обл. – 25.11.1973, 
Мәскеу) педагог, РСФСР ПҒА корреспондент-
мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, про-
фессор. Педагогиканың әдіснамасы, педагогикалық 
білім беру, педагогикалық зерттеулер әдістемесі 
мәселелерін зерделеді. М.А. Данилов – кеңес педа го-
гикасының көрнекті дидакт-ғалымдарының бірі. Ол 
кеңес мектебінің жетекші ұстанымдарын ғылымилық, 
коммунистік идеялылық деп көрсетіп, оқушылардың 
танымдық қабілеттерін шығармашылық оқу еңбегін дамытуға арнады. 
Оқыту ұстанымдарын оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтарымен және 
оның құрамды бөліктерімен байланыстырып қарастырды.
М.А. Данилов педагогикаға П.Ф. Каптерев енгізген «педагогикалық 
үдеріс» ұғымына негіздей отырып, кеңес мектебіндегі оқыту үдерісінің 
негізін қалады. Онда ол оқыту теориясына қатысты оқыту үдерісін жал-
пы талдау, оқушылардың белсенді оқуына түрткі тудыру, оқушылардың 
жаңа материалдарды қабылдауы, оқушылардың білімін бекіту және 


233
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
біліктері мен дағдыларын жаттықтыру, білімін өмірде қолдана білу, оқу-
шы лардың білімін тексеру және бағалау мәселелерін зерделеді. М.А. Да-
нилов педагогикалық үдеріске: «Үнемі қозғалыс пен даму барысында қа-
рас тырылған тәрбие өте күрделі, қозғалыстағы, қарама-қарсылықтағы құ-
былыс ретіндегі педагогикалық үдеріс болып саналады. Әрқашанда оның 
өз ішінде көптеген әртүрлі күштер мен ықпалдар өзара әрекеттестікте 
болады, олардың ішіндегі ең бастысы үдерісті бағыттаушы мұғалім мен 
тәрбиеленушілер ұжымы болып есептеледі», – деп анықтама береді. Ол
Б.П. Есиповпен авторлық серіктестікте «Дидактика» (1957), «Кеңес мек-
тебіндегі оқыту үдерісі» (1960) еңбектерін жазды.
Академик М.Н. Скаткин кеңес дидактикасының, педагогикалық тәжі-
ри бені жинақтау әдіснамасының, педагогикадағы әдіснамалық зерттеудің 
негізін қалады.
Скаткин Михаил Николаевич (1900–1991 ж.) 
көрнекті педагог, ПҒА академигі (1985). 1900 жы-
лы Мәскеу облысында дүниеге келген. 1919 жыл- 
дан бастауыш мектеп мұғалімі болып істеді. 
1920–30 жылдары С.Т. Шацкийдің басшылығымен 
РСФСР халық ағарту комиссариатының Халыққа 
білім берудің 1-тәжірибелік станциясында жұмыс 
істеді. 1925 жылы сонда педагогикалық курстарды 
тәмамдады. 1930 жылдан 2-Мәскеу мемлекеттік 
уни верситеті жанындағы ғылыми педагогика инс ти-
тутында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар дәріс берді. 
1945 жылдан ПҒА ғылыми-зерттеу институтының дидактика мәселелерін 
зерделейтін бөлімін басқарды. 
Михаил Николаевич Скаткин кеңестің көрнекті ғалым-педагогі, КСРО 
Педагогика ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. Оның 
дидактикаға ұсынған ұстанымдар жүйесі ғылымилық пен коммунистік 
идеялылық, оқытуды коммунизм құрумен байланыстыру, саналылық, жеке 
тұлға мен ұжымның мүддесін үйлестіру болды. М.Н. Скаткиннің іргелі 
еңбектерінің бірі – «Қазіргі дидактика мәселелері».
Скаткин педагогика ғылымдарының әдіснамасымен, сондай-ақ оқыту 
үдерісін, білім мазмұнын жетілдіру және т.б. мәселелермен айналысты. Оның 
дидактиканың іргелі мәселелеріне арналған еңбектері (политехникалық 
білім беру теориялары, оқытудың ұстанымдары мен әдістері) КСРО және 
басқа елдерде жүргізілген зерттеулерге негіз болды. Оқу бағдарламаларын 
құрастыру теориясын алғашқылардың бірі болып жасады. Дидактиканың 
жаңа ұстанымдарының, оның ішінде оқытудың ғылымилығы ұстанымының 
авторы, білім беру мазмұны және оқыту әдістерінің дидактикалық тұ жы-
рымдамаларын жасаушылардың бірі; 1960–1980 жылдары оқыту үдерісін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет