239
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
қыры ретінде санады. Оқушылардың үлгермеушілігі мен екінші оқу жы-
лына қалдырылмауының тиімді формалары мен әдістерін таңдау жөнінде
нақты ұсыныстар берді. Ю.К. Бабанскийдің редакциясымен педагогикалық
институттарға арналған «Педагогика» (1983; 1984, Г. Нойнермен бірге) оқу
құралы жарық көрді.
Академик Ю.К. Бабанскийдің идеялары бүкіл елдің, сондай-ақ Қа-
зақстан мектептерінің практикасына үлкен қарқынмен ендірілді. Ю.К. Ба-
банский өзінің «Проблемы повышения эффективности педагогических ис-
следований» атты монографиясында педагогикалық үдерісті оңтайландыру
бағытындағы дидактикалық зерттеудің логикасын ұсынды [21].
Еңбектері: Оптимизация процесса обучения. Общедидактический
аспект. – М., 1977; Оптимизация пед. процесса (В вопросах и ответах). –
К., 1984 (соавт); Методы обучения в советской общеобразовательной школе.
– М., 1983; Избр. пед. труды. – М., 1989.
Академик Б.Т. Лихачев тәрбиенің дүниета ным-
дық ұстанымдарын зерттеді. Оның «Педагогика»
оқу лығы «Тәрбие философиясы», «Педагогиканың
әдіснамалық негіздері» атты монографиялары пе да-
гогиканың философиясы мен әдіснамасының ір гелі
негіздеріне айналды. Б.Т.
Лихачев тәрбиенің заң-
дылықтарын зерделеді. Ол «Оқытудың тәрбиелік
ас пектілері», «Тәрбиенің қарапайым ақиқаттары»,
«Оқу шылардың эстетикалық тәрбиесінің теория-
сы» атты монографиялар жариялады. Б.Т. Лихачев
оқушыларға эстетикалық тәрбие беру теориясының негізін салды.
Лихачев Борис Тимофеевич (10.8.1929. Мәскеу) – педагог, РБА ака-
демигі (1993); КСРО ПҒА академигі (1990), педагогика ғылымдарының
докторы, профессор (1970). Оның жетекшілігімен және қатысуымен эсте-
тикалық тәрбиенің теориясы мен практикасы зерттелді.
Зерттеулер нәти-
желері ұжымдық монографияларда көрініс тапты. Б.Т. Лихачев тәрбие
заңдылықтарын бала тұлғасының өзіндік дамуының тәсілі, тәрбие әдістерін
мақсатты қолдану және психологиялық үдеріс ретінде зерделеді.
Лихачев Борис Тимофеевич 1970–1985 жылдары Көркем тәрбие ғы-
лыми зерттеу институтын басқарды. Оқушы жастардың эстетикалық тәр-
биесі туралы ұжымдық монографиялар жариялады. Академик Б.Т. Лиха-
чев қоғамдық құбылыстарды зерттеудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары
барлық қоғамдық ғылымдар үшін, оның ішінде педагогика үшін де бірдей
екендігі туралы тезиске сүйеніп, әдіснамалық ұстанымдардың төмендегі
жиынтығын негіздейді: қоғамдық құбылыстарды оның барлық байланыс-
тары, тәуелділіктері бойынша нақты тарихи зерттеу; өзара ұқсас, нысаны
мен пәні сәйкес келе тұрса да, бір ғылымның заңдылықтарының екінші
4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
240
ғылым
заңдылықтарына сәйкес келмеуі; педагогикалық құбылыстардағы
жалпы, ерекше және жеке-даралықтың диалектикалық бірлігі ұстанымы;
педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстылық және өзара
тәуелділік ұстанымы.
Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйымдас ты-
рушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету объектісі ғана емес,
даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс-әре-
кеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін-өзі
тәрбиелеудің субъектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев
педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерекшелігін – оқыту мен тәрбиелеу
әдістерінің бірлігін көрсетеді.
Негізгі ғылыми еңбектері: «Эстетическое воспитание в школе. Вопро-
сы системного подхода» (1980), «Эстетическое воспитание школьной мо-
лодежи» (1981), «Система эстетического воспитания школьников» (1983).
Никандров Николай Дмитриевич 1936 жылы
Ленинград қаласында дүниеге келген. Ресей Білім
академиясының президенті (1997–2013), педагогика
ғылымдарының докторы, профессор.
Академик Н.Д. Никандровтың ғылыми зерт теу-
лерінің негізгі бағыттары:
салыстырмалы педагогика,
педагогика әдіснамасы, жоғары педагогикалық мектеп
дидактикасы. Ол ХХ ғасырдың 70-жылдары бірқатар
батыстық елдердің жоғары білім беру жүйелерінің
салыстырмалы талдауын жасады. Салыстырмалы
педагогиканың сипаттаушы, түсіндірмелі және құрастырушылық қызметтерін
қамтитын анықтамасын ұсынды. Педагогиканың әдіснамалық мәселелерінің
типтерін анықтады. Жоғары педагогикалық білім мазмұнын құрастыру және
студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерін зерделеді. Ол
«Жоғары мектеп педагогикасы», «Педагогикалық институтта оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастыру», «Мамандыққа кіріспе» атты оқу құралдарының авторы.
Ғалымдардың
зерттеулері, әдіснамалық семинарларда, «Педагогика»
журналы редакциясындағы пікірталастарда, монографияларда, конферен-
ция материалдарында педагогика әдіснамасы ұстанымдық деңгейде көрініс
тапты. Нәтижесінде педагогиканың өз құрылымында оның әдіснамасы
жеке ғылыми пән ретінде қарастырыла бастады. Теоретиктер мен практик-
тер арасында педагогика әдіснамасының маңыздылығы артты. Педагогика,
сондай-ақ педагогика әдіснамасы саласында ғылыми мектептер қалыптаса
бастады.
Достарыңызбен бөлісу: