4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
252
ды үлес қосты. Оның жасаған тұжырымдамасы бойынша, білім мазмұны
әлеуметтік тәжірибеге сәйкес, білімдер, дағдылардан басқа шығармашылық
әрекет тәжірибесін және сезімдік өмір тәжірибесін қамтиды. Білім маз-
мұ нының аталмыш бөліктерінің арақатынасы тарихи сипатта және қоғам
дамуының талаптарына орай өзгеріп отырады.
Бұл тұжырымдама ПҒА-ның В.В. Краевский және И.Я. Лернер же-
тек шілік еткен топ даярлаған білім беру мазмұны теориясының негізіне
алынды. Зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдар жалпы орта білім беру
мазмұнын қалыптастырудың ұстанымдарын түзді.
Біріншіден
, жалпы
орта білім беру мазмұнының барлық бөліктер мен барлық деңгейлерде
қоғам талаптарына сәйкес ұстанымы.
Екіншіден
, оқытудың мазмұндық
және үдерістік жақтарының бірлігін есепке алу ұстанымы;
үшіншіден
,
білім беру мазмұнының қалыптастыру деңгейлерінде, оқыту үдерісінде
іске асуының нақты қалыптарына жылжуда да құрылымдық бірлігінің
сақталу ұстанымы. Зерттеу барысында жалпы орта білім беру мазмұнының
қалыптасу деңгейлері түсінігі пайда болды. Түсініктің жалпыдан жекеге
жылжу логикасына сәйкес авторлар мына деңгейлерді анықтады: жалпы
теориялықтүсінік деңгейі (жас ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибенің
құрамы) және қоғамдық қызметтері туралы жинақталған жүйелі түсінік;
оқу пәні деңгейі; жалпы білім беруде арнайы қызметтер атқаратын
мазмұнның белгілі бір бөлігі туралы кең таратылған түсінік; белгілі бір пән
бойынша оқулықтарда, есептер жинағында және басқа оқу материалдарын-
да көрсетілген білім мазмұнының элементтерін қамтитын оқу материалы
деңгейі.
Білім беру мазмұны оқытуда іске асырыла отырып, келесі деңгейге
көшеді. Төртінші деңгей – оқыту үдерісіне ендірілетін нақты білім
мазмұнын көрсететін педагогикалық болмыс деңгейі. Ең соңында, бесінші
деңгей – тұлға құрылымы деңгейі білім беру мазмұнының оқушы санасын-
да қалыптасқан күйін сипаттайды.
Оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігі ұстаным-
дылық деңгейде маңызды деп көрсеткен С.Г. Шаповаленко. Бұл кезеңде
Педагогика ғылымдар академиясының Жалпы педагогика институтының
дидактика зертханасында М.Н. Скаткин И.Я. Лернер, В.В. Краевский,
М. Шахмаевпен бірге «Жалпы орта білім беру дидактикасы» атты ғылыми
мектептің негізін салды.
Академик Исаак Яковлевич Лернер көптеген дидактикалық мәсе ле-
лердің ғылыми шешімін тапты. Ол білім мазмұнын педагогикалық бейім-
делген әлеуметтік тәжірибе деп қарастырды. И.Я. Лернер білім маз мұнын
таңдаудың факторларын, оның құрамы мен құрылымын, оқу бағ дар ла ма-
ларын құрастырудың нормативтерін қарастырды
253
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
Лернер Исаак Яковлевич(1917–1996) – әйгілі
педагог, ПҒА академигі, педагогика ғылымдарының
докторы (1971), профессор (1990). Исаак Яковлевич
Лернер 1917 жылы Украинаның Хмельницкий
облы сында дүниеге келген. РСФСР-дің ғылымға
ең бегі сіңген қайраткері (1987), 1939 жылы Мәскеу
мемлекеттік университетінің тарих факультетін бі-
тірді. 1937 жылдан Мәскеудің, Мичуринскінің, Во-
ро неждің және басқа қалалардың педагогикалық
жоғары орындарында дәріс берді. 1959 жылдан ПҒА
жүйесінде жұмыс істеді. 1964–1970 жылдары гу-
манитарлық білім берудің дидактикасы зертханасын, 1972–1974 жылдары
жалпы және политехникалық білім берудің ғылыми-зерттеу институтында
дүниеге көзқарас қалыптастыру зертханасын басқарды. 1970 жылдан Жал-
пы педагогика ғылыми-зерттеу институтының дидактиканың жалпы мә-
селелері зертханасында істеді.
Исаак Яковлевич Лернер алғашқылардың бірі болып дидактиканың
әдіснамалық қызметін негіздеді, проблемалық оқыту теориясын дамытты,
оқыту әдістерінің дидактикалық негіздері мен әдістер жүйесін жасады.
Ол оқыту әдістерінің, оның ұйымдастыру формаларының, құралдары мен
әдістерінің өзара байланысын ашып көрсетті, әлеуметтік тәжірибеге сәйкес
білім мазмұнының құрамы мен құрылымын негіздеді. Исаак Яковлевич
оқу-тәрбие үдерісінің жүйе ретіндегі тұжырымдамасын жасады, орта білім
берудің базалық мазмұнының тұжырымдамасын ұсынды.
1985–1991 жылдары қазіргі заманауи мектеп оқулықтарын түзу тео-
рия сын жасау жұмысына басшылық етті.
И.Я. Лернердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері 1981 жылы жарық
көрген «Дидактические основы методов обучения» монографиясында және
1989 жылы шыққан «Теоретические основы процесса обучения в советской
школе» атты ұжымдық монографияда көрініс тапты.
Оқыту үдерісін, білім беру мазмұнын, оқыту әдістерін жеке қарастыра
отырып, И.Я. Лернер заманауи оқыту үдерісінің әмбебап, жалпы кез келген
оқу орнын қамти алатын дидактикалық моделін жасау идеясын терең
ойластырды. Оның бұл ұмтылысы «Философия дидактики и дидактика как
философия» атты кітабында, одан да бұрын «Современная дидактика: тео-
рия – практике» атты монографиясынан орын алды.
Еңбектері: Содержание и методы обучения истории в V-VI классах веч.
(сменный) школы. – М., 1963; Проблемное обучение. – М., 1974; Процесс
обучения и его закономерности. – М., 1980; Дидактические основы методов
обучения. – М., 1981; Развитие мышления учащихся в процессе обучения
истории. – М., 1982; Теоретич. основы содержания общего ср. образования.
|