Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет132/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Жарма сұрпы.
Бұл көрсеткішті барлық жарма үшін келесі жалпы 
белгі бойынша анықтайды: иісі, дәмі, түсі, ылғалдылығы, қоспалары, са
-
палы ядро мөлшері, залалдануы мен металлмагнитті қоспалары. Соны
-
мен қатар, жарманың бөлек түрлеріне сұрыпты анықтау кезінде күлділік, 
пісіру уақыты мен ірілікті қолданады. Барлық айтылған көрсеткіштер 
нормалары жарма түрі мен сұрпы бойынша мемлекеттік стандарттар
-
да келтірілген.
Жарманың тұтыну сапасын сипаттау үшін крахмалдың йодты­көк 
санын, жарманың ісінуі және оның аспаздық бағасын анықтайды. Бұл 
көрсеткіштер стандартпен нормаланбайды.
Крахмалдың йодты-көк саны.
Бұл көрсеткіш жарма крахмалындағы 
амилоза мен амилопектиннің қатынасын сипаттайды. Ол амилоза мен 
амилопектинді йодпен әртүрлі бояуға негізделген. Массасы 1 г май­
даланған жарма өлшендісін 250 мл колбаға салады және 100 мл дис
-


307
тилденген су қосады. Суспензияны 77°С температурада 45 минут ара­
лығында су моншасында қыздырады. Сосын оны бөлме температурасын
-
да 15 минутқа қойып қояды, одан кейін оны сүзеді. Алғашқы сүзіндінің 
30­40 мл­ін тастайды, сосын пипеткамен 10 мл сүзіндісін алып 100 мл 
өлшем колбасына құяды, оған алдын ала 1 мл йод ерітіндісін қосады (1 
л суға 2 г йод пен 20 г йодты калий).
Өлшем колбасына 1 мл 30%­ды HCl­ды, шамамен 60­70 мл­ге дис
-
тилденген суды құйып араластырады, сосын колбаны белгіге дейін сумен 
толтырады. Ерітіндіні бөлме температурасында 30 минут аралығында 
ұстайды. Көк бояудың белсенділігін 600 нм­де ФЭК­М фотоэлектро
-
колориметрде анықтайды. Құрал көрсеткішін 100­ге көбейте отырып 
крахмалдағы амилозаның пайыздық мөлшерін алады. Бояуды 1 мл KJ 
және 100 мл дистилденген судағы 1 мл HCI ерітіндісінің бояуымен са
-
лыстырады. Амилозаның жоғары мөлшері жарманың жақсы аспаздық 
бағалыққа ие екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет