Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет11/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

классикалық саяси экономия
– бұл еңбекті барлық 
тауарлар мен қызметтердің соңғы құны деп санайтын және еңбек 
құнының тұжырымдамасы арқылы қоғамның барлық топтарының 
табыс көздерін анықтауды қарастыратын экономикалық теорияның 
ең басты бағыттарының бірі.
МАРКСИЗМ.
Басты өкілдері неміс экономистері 
Карл Маркс
(1818-1883) пен 
Фридрих Энгельс
(1820-1895) еңбек құнының 


14
теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып 
нарықтық шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм» 
ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы 
жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды. Ал 
капиталистердің пайдасы жұмысшылар табының төленбеген еңбегін 
білдереді. К. Маркс экономикалық теорияға қоғамдық-экономикалық 
формация, ұдайы өндіріс, экономиканың циклдік дамуы, жалдамалы 
жұмысшылардың еңбегі, рента теориясы, социализм, тауарға сіңген 
еңбектің екі жақтылығы, т.б. жаңалықтарды алып келді Кейіннен, 
марксизм теориясын 
В. Ленин
мен 
Г. Плеханов
дамытты.
НЕОКЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ.
ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысында экономикадағы барлық зерттеулер жекелеген нарықтық 
субъектілердің нақты қарым-қатынастарын қарастыруға бағытталады. 
Ғалым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану 
мәселелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды. Осыған байланысты 
экономикалық ғылымның аты өзгерді: «саяси экономия» термині 
«экономикс» ұғымымен алмастырылады. Экономикалық ғылым өзінің 
жаңа атауын ағылшын экономисі Альфред Маршаллдың 1890 жылы 
шыққан «Экономикс принциптері» еңбегіне байланысты өзгертті. 
Олай болса, бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі 
Альфред Маршалл
(1842-1924) мен 
Артур Пигу
(1877-1959) болды. 
Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді 
пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады. Маршаллдың басты 
назарында тұтынушылар мен өндірушілер өздерінің әл-ауқаттылық 
дәрежелерін қалайша арттыратындығы туралы мәселелерді талдау 
жағдайы тұрды. Оның ойынша, әл-ауқаттылықты максималдау тек 
еркін бәсекелестік жағдайында ғана болуы мүмкін және осы тұрғыда 
ғана нарық тепе-теңдікке келе алады.
Неоклассиктердің жасаған негізгі талдау құралдары, бүгінде 
әлемдік экономикалық ғылымның «алтын қорына» жатады. Ол талдау 
құралдары шекті талдау, сұраныс икемділігі, нарықтардың өзара 
тәуелділігі, уақыт факторын ескеру арқылы қысқа және ұзақ мерзімдер 
арасындағы айырмашылықты көрсету, фирма теориясындағы өндіріс 
ауқымы тиімділігін талдау, т.б. болып табылады. Неоклассиктердің 
еркін бәсекелестікті жақтауы және мемлекеттің рөлін бағаламауы (ол 
тек 
«түнгі күзетші»
қызметін атқарады) тұрғысынан экономикалық 
теория ХХ ғасырдың соңына дейін бірнеше онжылдықтар бойы 
микроэкономикалық талдау шеңберінде дамып келді.
МАРЖИНАЛИЗМ.
Маржинализм теориясы арқылы экономикалық 
теорияның микроэкономикалық негіздері әрі қарай дами түсті. Бұл 


15
бағыттың негізін қалаушылар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет