Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Ксенофонт (б.з.д. 430- 355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында  «экономия»



Pdf көрінісі
бет9/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Ксенофонт
(б.з.д. 430-
355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында 
«экономия»
сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы 
ғылым ретінде сипатталды. Алайда, уақыттың өзгеруіне байланысты 
экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Мемлекеттер қалыптасып, 
қоғамдық еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастары дами бастады. 
Осыған орай, біртұтас мемлекеттің халық шаруашылығын басқару 
қажеттілігі туындады. Осы кезде француз экономисі 
Антуан де 
Монкретьен
(1575-1621) 1615 жылы «Саяси экономия трактаты» атты 
еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту 
арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады. Сөйтіп, экономия 
сөзі саяси экономия деп аталатын сөз тіркесіне айналды. 
«Саяси 
экономия»
– бұл кең мағынасында халық шаруашылығын мемлекет 
тұрғысынан басқару туралы ғылым. Сол уақыттағы осы ғылым 
тұрғысында экономистер мемлекеттің ұлттық табысын арттыратын 
шешімдерді және шаруашылық жүргізудің негізгі мәселелерін алға 
тартты.
МЕРКАНТИЛИЗМ.
Экономикалық теориядағы алғашқы 
мектеп – меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі 
деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін 
қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни 
сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру 
және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты 
өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі 
Томас Мэн
(1571-1641), 
Уильям Стаффорд
(1554-1612), француз 
экономисі 
Жан Батист Кольбер
(1619-1683), орыс экономисі 
Иван 
Посошков
(1652-1726) саналады. Меркантилистер экономикалық 
теорияның ғылым болып қалыптасуына айтарлықтай өз үлестерін 
қосты. Сонымен, 
меркантилизм
бұл байлықтың сыртқы сауда 
нәтижесінде жасалатынын түсіндіретін және айналыс аясын 
зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет