231
1 2 - т а қ ы р ы п
ЭКОНОМИКАНЫҢ ЦИКЛДІК ДАМУЫ ЖӘНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
Мақсаты:
экономиканың ауытқымалы кезеңмен дамып отыруын
талдау және экономикалық өсудің факторлары мен ерекшеліктерін
түсіндіру, сонымен қатар Қазақстандағы экономикалық өсу моделін
сипаттау.
Талқылау сұрақтары:
12.1. Циклдік толқулардың мәні мен себептері,
фазалары мен
түрлері
12.2. Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары,
негізгі
үлгілері
Негізгі ұғымдар:
экономикалық цикл, жандану, өрлеу, дағдарыс,
тоқырау, қысқа мерзімді толқындар, орта мерзімді толқындар, ұзақ
мерзімді толқындар, экономикалық өсу, сұраныс факторлары, ұсыныс
факторлары, бөлу факторлары, экстенсивті өсу, интенсивті өсу, аралас
өсу, экономикалық өсудің үлгілері, т.б.
12.1. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен
түрлері
Экономиканың циклдік дамуы
–
бұл нарықтық экономика
жағдайында іскерлік белсенділіктің үнемі үздіксіз ауытқып отыруы.
Өндірістің өсуі ылғи да оның құлдырауымен жүріп отырады.
Циклділікті басқаша кезеңділік деп атайды. Экономикалық
белсенділіктің кезеңділігі нарықтық
экономиканың қозғалуы мен
даму формасын көрсетеді.
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық циклдің әртүрлі
ұзақтылығы оларды зерттеген ғалымдардың атымен аталады.
Мысалы, 2-4 жылға созылатын циклдер
Достарыңызбен бөлісу: