34
және шамамен жаңартылып отырады дегенді білдіреді. Жай ұдайы
өндіріс қоғам дамуының артта қалуымен, жабық жүйе бойынша
ғылыми-техникалық ілгерілеудің төмен қарқынымен және техника-
ның дамуының төменгі деңгейімен түсіндіріледі. Ұдайы өндірістің
осындай
типі Азияның, Латын Америкасының бірқатар елдерінде
және көптеген африкандық елдерде байқалады.
Тарылған ұдайы өндіріс
–
бұл өндірістің қысқартылған,
төмендетілген мөлшеріндегі үдерісін жаңартып отыру.
Ұдайы
өндірістің осындай типі ұзаққа созылған терең әлеуметтік-
экономикалық дағдарысты басынан кешкен елдерге тән.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс
– бұл өндіріс үдерісінің жыл сайын
кеңейтілген ауқымында жаңарып отыруы.
Ұлғаймалы ұдайы
өндірістің дамуы қоғамның капитализмге өтуімен байланысты орын
алды, яғни мұндағы негізгі мақсат болып пайда табу табылады.
Мұнда алынған табыс тауар өндірушілердің тек жеке тұтынуларына
ғана емес, сонымен қатар, оның бір бөлігі қосымша өндірістік
ресурстарды сатып алуға да жұмсалып отырады. Өндіріске қосымша
ресурстарды тарту есебінен ғана келесі өндірістің деңгейі кеңейтілген
өлшемінде жаңартыла алады. Ұлғаймалы
ұдайы өндіріс өндірістің
әрбір жаңа ұдайы өндірушілік кезеңінде аса жоғары (алғашқыларымен
салыстырғанда) деңгейде жаңарып отыруын білдіреді. Осыған
байланысты, нәтижесінде адамдардың тұтынудың аса жоғары
дәрежесіне өтуі және қоғамның әл-ауқатының өсуі қамтамасыз етіледі.
Екінші өлшеміне сәйкес, экономикалық теорияда ұдайы өндірістің
экстенсивті, интенсивті және аралас типтері орын алады.
Экстенсивті ұдайы өндіріс
–
бұл бұрынғы технологиялық
негізін өзгертпей қосымша ресурстарды тарту есебінен өндіріс
ауқымын кеңейту үдерісі. Экстенсивтендірудің бірнеше түрлерін
бөліп көрсетуге болады: жұмысшылар санын арттыру, жұмыс күнін
создыру, инвестициялар мен капитал салымдары көлемін өсіру, жаңа
жер телімдерін игеру, шикізат өндіруді арттыру және т.б. Ұдайы
өндірістің таза экстенсивті типінің болашағы болмайды, себебі ол
ресурстардың шектеулілігі мәселесімен соқтығысады. Сәйкесінше,
осындай ұдайы өндіріс өздігінше экономикалық үлгі болып табылады
және экстенсивті ұдайы өндірістің классикалық түрі орын алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: