Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет78/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

2. Сұраныс бағасы
– тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін 
сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды 
бағасы. Тұтынушылар бұл жерде игілікті сатып алуда өздерінің 
мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек, яғни нарықта қолындағы 
қаражатын толық жұмсай алуы тиіс.
3.
Сұраныс көлемі
– тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген 
уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды 
саны. Нарық жағдайында тұтынушылар игіліктердің берілген жиынын 
тұтынады деген болжам жасалады.
4. Сұраныс функциясы
– сұранысқа әсер ететін әртүрлі 
факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын 
бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа әсер ететін маңызды фактор 
баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін бағалық 
емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы 
және толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың 
талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы 
тұтынушылардың саны, т.б. Сұранысқа және сұраныс көлеміне 
әсер ететін барлық факторларды 
сұраныс детерминанттары
деп 
те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып 
табылады:
Q
D
 = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В),
мұндағы, Q

– сұраныс; Р – баға; I – табыс; Z – талғамдар мен қалаулар; 
W – күтулер (waiting); P
sub
– алмастырушы (субститут) тауарлардың 
бағасы; P
com
– толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы; 
N – сатып алушылардың саны; В – басқа да факторлар.
5. Сұраныс қисығы
– сұраныс заңының графикалық көрінісі. Ол 
тұтынушылардың әртүрлі бағаларда сатып ала алатын игіліктерінің 
көлемін көрсетеді. Сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады.
5.1-сурет.
Сұраныс қисығы


89
Сұранысқа әсер ететін факторларға байланысты сұраныс қисығы 
өзгеріске ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде сұраныс көлемі 
өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің 
бағасы өскенде сұраныс көлемі қысқарады немесе баға төмендегенде 
сұраныс көлемі артады. Бірақ біз баға өзгергенде бағалық емес 
факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер 
еткенде сұраныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. 
Мысалы, тұтынушылардың табысы өссе, онда сұраныс кеңейіп қисық 
оңға жылжиды немесе табыс қысқарса, онда сұраныс төмендеп қисық 
солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық 
факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды төмендегі суреттерден 
көруге болады.
5.2-сурет. 
Сұраныс қисығының өзгеруі
Сонымен, сұранысқа бағалық фактор әсер еткенде сұраныс көлемі, 
бағалық емес факторлар әсер еткенде сұраныстың өзі өзгереді. 
Сондықтан сұраныс көлемінің өзгеруі мен сұраныстың өзгеруін 
шатастырмау қажет.
Ұсыныс
– сатушылардың белгілі бір уақытта игіліктердің берілген 
көлемін белгілі бір баға бойынша нарықта сатуға деген даярлығы 
немесе сата алу қабілеті.
Ұсыныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды 
енгіземіз:
1. Ұсыныс заңы
– игіліктің бағасы мен сол игілікті сату көлемі 
арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. 
Нарықта баға жоғары болғанда, сатушылар игіліктерді сату көлемін 
арттырады. Және керісінше, нарықта баға төмендегенде, сатушылар 
игіліктерді сату көлемін қысқартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет