92
Суреттен
көріп отырғанымыздай, Е нүктесінде
нарықтық тепе-
теңдік орнайды. Мұндағы, P
E
– тепе-теңдік баға, ал Q
E
– тепе-теңдік
көлем болып табылады. Нарықтық тепе-теңдік кезінде экономикалық
субъектілер өз мақсаттарына жетеді, сатып алушылар да,
сатушылар
да ұтады, яғни тұтынушы өз қажеттіліктерін толық қанағаттандырады,
ал фирмалар пайдасын мейлінше арттырады.
Алайда, нарық әрдайым өзінің тепе-теңдік жағдайынан ауытқып
отырады, бұл қазіргі тәжірибеде нарықтық тепе-теңдіктің әрқашанда
орындала бермейтіндігін білдіреді.
Нарықтық тепе-теңдіктің
ауытқуының екі түрі орын алады:
1. Артықшылық
– нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғары
болғанда ұсыныс көлемінің сұраныс көлемінен артып кетуі.
2. Тапшылық
– нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болған да
сұраныс көлемінің ұсыныс көлемінен артып кетуі.
Осыларды төмендегі сурет арқылы сипаттауға болады.
5.5-сурет.
Нарықтық тепе-теңдік
Егер P
1
нарықтық бағасы тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда
тауарлардың артықшылығы орын алады. Ал егер P
2
нарықтық бағасы
тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда тауарлардың тапшылығы орын
алады.
Баға механизмі арқылы бұл екі құбылысты жоюға болады.
Біріншіден, тауар артықшылығынан құтылу үшін сатушылар бағаны
төмендетіп сату көлемін қысқартады, бағаның төмендеуі сатушылар
үшін тиімсіз, ал сатып алушылар үшін тиімді. Олай болса, артық қалған
тауарларды төмен бағамен тезірек сатып жіберу үшін сатушылар
арасында бәсекелестік туындайды. Екіншіден, тауар тапшылығынан
құтылу үшін сатушылар бағаны
көтеріп сату көлемін ұлғайтады,
бағаның көтерілуі сатушылар үшін тиімді, ал сатып алушылар үшін
тиімсіз. Олай болса, тапшы тауарларды жоғары бағамен тезірек сатып
алу мақсатында сатып алушылар арасында бәсекелестік туындайды.