95
сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты
өзгертпейді).
3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі
– тұтынушы
табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұра-
ныс көлемінің пайыздық өзгеруін
сипаттайтын сұраныстың
сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділік-
тің коэффициенті мына формуламен беріледі:
E
D
I
=
D
Q% /
D
I%,
мұндағы, E
D
I
– сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін
коэффициент;
D
Q% – тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы
өзгеруі;
D
I% – тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі.
Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды
факторлардың бірі болғандықтан,
оның өзгеруінен тауарлардың
әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер
табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне
қарағанда кем болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді (E
D
I
>1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне
қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (E
D
I
<1) болып табылады. Мысалы, біріншіден, табыс өскенде кәдімгі
(қалыпты) тауарларға да сұраныс
артады және ол кемімелі оң
тәуелділікпен сипатталады. Яғни уақыт өткен сайын табыстың өсуіне
қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады.
Сондықтан кәдімгі тауарлар үшін сұраныстың табыс бойынша
икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< E
D
I
<1.
Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну
заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі
тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте
икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: E
D
I
=0. Бірінші қажеттіліктегі
тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын
қымбат бағалы заттарға (сапалы) немесе ұзақ пайдаланылатын
тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі. Мұндай тауарларға деген
табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен
(оң) болып келеді: E
D
I
>1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат
автокөліктер,
антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т.б.
жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз
тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді. Мұндай тауарларға деген
табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші
(теріс) болып келеді: E
D
I
<0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен
96
жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде
тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын
тұтына бастайды
деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған
тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы
көрсете аламыз.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл
жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: