Меншік нысаны
меншік
объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді.
Кейбір отандық әдебиеттерде,
меншік құқығы
деп белгілі бір
тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілі-
гін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының
жиынтығын айтады. Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесі – не,
қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық
агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді
болып табылады. Осыған байланысты, кез келген меншік иесі болып
табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді,
пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:
1) Иемдену
– мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық
тұрғыдан қамтамасыз етілуі.
2) Пайдалану
– белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін
алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
3) Билік ету
– мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз
етілуі.
Ағылшын заңгері
А. Оноре
1961 жылы алғаш рет меншіктің
толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны
Достарыңызбен бөлісу: |