Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет372/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

АРС = С / Y
d
.
4. Жинақтауға орташа бейімділік
(АРS) – қолда бар табыстың 
тұтынудан қалған бір бөлігі:
АРS = S / Y
d
.
Тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділік қолда 
бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға жұмсалатынын 
және қаншасы жинақтауға кететінін көрсетеді. Сондықтан олардың 
қосындысы әрқашанда 1-ге тең болады:
MPC + MPS = 1
Кейнс бойынша 
тұтыну функциясы
болып қалыптасады:
C = a + b (Y – T),
мұнда, а – автономды тұтыну (табысқа байланысты емес тұтыну); 
в – тұтынуға деген шекті бейімділік.
Жинақтау функциясы:
S = - a + (1 - b) (Y – T),
мұнда, S – жеке сектордың жинақтары; 
1-b – жинақтауға шекті бейімділік.
Сонымен, тұтыну мен жинақтауға мынадай анықтамалар беруге 
болады:
Тұтыну
– қолда бар табысқа байланысты ел азаматтарының 
ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайтын тауарлары 
мен қызметтерінің жиынтық құны.
Жинақтау
– ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін 
қанағаттандырып болғаннан кейінгі қалған қолда бар табыстың 
тұтынылмайтын бөлігі.
Ұлттық экономика шеңберінде жасалатын жалпы ішкі өнімнің 
құрамындағы инвестицияларды талдаудың маңызы аса зор. 
Инвестициялар
– жеке, мемлекеттік және шетелдік секторлардың 
пайда табу мақсатында өндіріске, тауарлы-материалдық қорларға 
және тұрғын үй құрылысына ұзақ уақытқа салатын күрделі қаржылық 
жұмсалымдары. Инвестициялардың негізгі көзі болып жинақтаулар 
табылады және олардың көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді 
саналады.
Классикалық және кейнстік үлгілерге сәйкес, инвестициялар мен 
жалпы ішкі өнім көлемі бірін-бірі әрдайым қолдап отырады. Алдымен, 


218
инвестициялар жалпы ішкі өнімнің артуына және экономикалық өсуге 
жағдай жасайды, содан кейін жалпы ішкі өнімнің артуы қайтадан 
инвестицияларды ынталандырады. Сондықтан жиынтық сұраныс пен 
жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі ауытқымалы кезеңмен (циклдік) 
дамып отырады.
Инвестициялардың екі түрі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет