Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет472/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Активтік операциялар
– бұл несиелер беру.
Пассивтік операциялар
– бұл ақша жинақтарын және банктің 
табыстарын жұмылдыру. Банктегі барлық салымдар депозиттер және 
жинақ салымдары болып бөлінеді.
Банктік қызмет көрсетулер
– бұл қолма-қол және қолма-қолсыз 
төлемдерді жүзеге асыру, валютамен және алтынмен байланысты 
операциялар, бағалы қағаздарды шығару және сақтау, трасталық 
(сенімгерлік) операциялар. Банктер кеңестер береді, ақпараттар 
ұсынады. Соңғы жылдары банктік қызмет көрсетулердің көлемі 
айтарлықтай өсті.
Банктік операциялардың барлық түрлері пайыз түрінде пайда алуға 
мүмкіндік беретін несиелік негізде (активтік және пассивтік) немесе 
өз клиенттері есебінен комиссиялық сыйақылар алу негізінде жүзеге 
асырылады. 
Сонымен, барлық операциялардан түсетін банктік пайданы маржа 
деп атайды. 
Маржа
– активтік операциялар бойынша пайыздар мен 
пассивтік операциялар пайыздардың айырмашылығынан болатын 
банктік таза пайда. Банктік пайдадан басқа банктің табыс көздеріне 
инвестициядан, биржалық операциялардан түсетін табыстар және 
банктік қызмет көрсетулерден түсетін комиссиялық сыйақылар 
жатады.


289


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет