«Әртүрлі тең жағдайларда» болжамы – қарастырылып отырған
айнымалыдан басқа барлық басқа айнымалылардың өзгеріссіз қалуын
болжау.
Баға – тауарлар мен қызметтер бірлігіне алынатын және төленетін
ақша (немесе басқа тауарлар мен қызметтердің) саны.
Бағалық емес бәсеке – фирмалардың өнімнің сатылу көлемін
ұлғайту мақсатында қолданатын әдістері. Оларға өнімді ерекше-
лендіру, жарнама және өткізуді ынталандыру бойынша шаралар
жатады.
Бағалық кемсітушілік (дискриминация) – сапасы мен шығын-
дары бір-дей тауарды әртүрлі бағамен әртүрлі тұтынушыларға сату
тәжірибесі.
Бағаның төменгі шегі – тепе-теңдік бағадан жоғары үкіметтің
бекіткен минималды бағасы.
Баж – импортталатын тауарларға салынатын салық.
Базистік жыл – бағалар индексін басқа жылдарда орын алған
бағалармен салыстыру үшін негізге алынып қолданылатын жыл.