Бірін-бірі толықтырушы тауарлар (комлементарлы тауарлар) –
бір тауардың бағасы мен екінші бір тауардың көлемі арасындағы
кері қатынасы бар тауарлар немесе қызметтер, яғни бір тауар
бағасының төмендеуі немесе жоғарылауы екінші бір тауар көлемінің
жоғарылауына немесе қысқаруына алып келуі.
Бюджет тапшылығы – белгілі уақыт аралығында мемлекеттік
бюджет шығындарының оның кіріс көздерінен асып кету жағдайы.
Валюта – қағаз және металл ақшалар.
Валюталық бағам – бір ел валютасының екінші бір елдің
валютасына шаққандағы құны.
Валюталық бақылау – үкіметтің ел азаматтары мен фирмалардың
шетел валютасына деген сұраныстарын және төлем балансы
тапшылығын жою үшін өздерінің сыртқы төлемдерін шектеу
мақсатында валюталық бағамдарды қадағалап отыруы.
Валютаның айырбас бағамы – меншікті ұлттық валютаның
шетел валютасының бірлігіне төленетін бағасы.
Гиперинфляция – бағалар деңгейінің өте жылдам қарқынмен
шарықтап өсу құбылысы.
ҒЗТҚЖ (НИОКР) – ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-
құрастырым жұмыстары.