Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет549/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Жұмысбастылық деңгейі
– жұмысы бар азаматтардың жұмыс 
күшінің жалпы санындағы үлесі.
Жұмыссыздық
– еңбекке жарамды халықтың белгілі бір уақыт 
аралығында белгілі бір себептермен жұмыс істемеуі немесе жұмыс 
таба алмау жағдайы.
Жұмыссыздық деңгейі
– жұмыс күші құрамындағы жұмыссыз 
адамдар-дың үлесі; жұмыс күшінің жұмыссыздардың жалпы санына 
қатынасының жүз пайызға көбейтіндісі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
– толық жұмысбастылық пен 
ресурстардың экономикаға толық тартылуы жағдайында орын алатын 
және инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың қалыпты 
деңгейі.
Икемділік коэффициенті
– сұраныс (немесе ұсыныс) көлемінің 
пайыздық өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатына-
сының нәтижесі.
Икемді сұраныс
– мәні 1-ден үлкен сұраныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.
Икемсіз сұраныс
– мәні 1-ден кіші сұраныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.
Икемді ұсыныс
– мәні 1-ден үлкен ұсыныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.


340
Икемсіз ұсыныс
– мәні 1-ден кіші ұсыныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.
Импорт
– берілген елдің жеке тұлғаларының, фирмалардың және 
үкіметтің басқа елдерде өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып 
алуға жұмсайтын шығындары.
Импорттық квота
– белгілі бір уақыт аралығында елдің басқа 
елдерден келетін тауарлар көлеміне шектеу енгізуі.
Инвестициялар
– өндіріске, өндіріс құрал-жабдықтарын 
жинақтауға және материал қорларын көбейтуге кететін шығындар.
Инфляция
– экономикада бағалардың жалпы (орташа) деңгейінің 
көтерілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет